AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Марқұмдардың несиесін кім өтейді?

Марқұмдардың несиесін кім өтейді?

Әлеумет 18.01.2024, 05:31 1,210
Марқұмдардың несиесін кім өтейді?
Сурет: интернеттен

Қазақстанда коммуналдық төлемдер мен несиелер бойынша берешек мұра болып саналады.


Егер адам мұраны қабылдайтын болса, онда нотариус арқылы қайтыс болған мұра қалдырушының қарызы туралы анықтап алуы керек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қайтыс болған адамның мұрагері туысының несиесін алудан бас тартуға құқылы. Мұндайда ол мұраның қалған бөлігінен (бар болса) бас тартуы тиіс. Себебі мұраның бір бөлігінен бас тартуға, ескертулермен немесе шартпен мұрадан бас тартуға заң бойынша жол берілмейді. Қарапайым тілмен түсіндіретін болсақ, пәтерді мұраға алып, бірақ оның бұрынғы иесінің қарызын төлеуден бас тартуға болмайды.


Егер адам мұрагерліктен бас тартса, бұл жағдайда ол өз құқықтары туралы мәлімдемеуіне болады.



"Сонымен қатар ол мұра қалдырушының мүлкін пайдалану, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, жөндеу жұмыстарын жүргізу секілді әрекетті жасамауы тиіс. Білместіктен мұраға кіру туралы өтініш беріп, кейін ойын өзгертіп жатса, онда тиісті мұраға құқық туралы куәлік алғанға дейін нотариусқа мұрадан бас тарту туралы өтініш беруі тиіс. Ал куәлікті алғатын болса, онда мұрадан тек сот арқылы бас тартуға болады", - деп хабарлады агенттік.



Егер адам мұраны қабылдайтын болса, онда нотариус арқылы қайтыс болған мұра қалдырушының қарызы туралы анықтап алуы керек.


Агенттіктің дерегінше, мұрагер осы ақпаратты білгеннен кейін несие берушілерге адамның қайтыс болуы туралы куәлікті ұсынып, айыппұлдарды есептемеуді және ол мұрагерлік құқығына енгенге дейін қарызды тоқтата тұруды талап еткені жөн.


Егер несие беруші мұра қалдырушы қайтыс болған соң өсімпұлды есептесе, онда мұрагер берешекті қайта есептеуді талап ете алады.



"Мұраны қабылдаған адам қайтыс болған туысының несиесін қарыз шартында жазылған кесте бойынша өтейтін болады. Егер берешекті өтеу кестесі оған ыңғайсыз болса немесе  қарызды мерзімінен бұрын жапқысы келсе, мұның бәрін несие берушімен шешіп алуы тиіс", - делінген хабарламада.



Егер мұра қалдырушы мерзімі өтіп кеткен болса және одан берешекті өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот шешімі болса, онда мұрагер де бұл мәселені кредитормен жеке реттеуі қажет.


Мұраны пайдаланбас бұрын мүліктің нарықтық құнын бағалаған жөн. Бұл қарыздың алынған мұраға сәйкестігін анықтауға, мемлекеттік бажды есептеуге қажет болады.


Егер қайтыс болған адамның мұрагерлері болмаса немесе олар мұраны пайдаланудан бас тартса, онда ол иесіз мүлік деп танылады және ол коммуналдық меншікке өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#төлем #қарыз #мұра #несие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Бүгін 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Бүгін 19:15

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 18:03

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Бүгін 16:54

Алматыда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);