AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы аударылып,...

Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы аударылып, төрт адам қаза тапты

Оқиға 16.01.2026, 10:58 362
Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы аударылып, төрт адам қаза тапты
depositphotos.com

Маңғыстау облысында 16 қаңтарға қараған түні Ақтау – Бейнеу бағытында қатынаған жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, салдарынан төрт адам көз жұмды. Тағы үш жолаушы әртүрлі дәрежедегі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

2026 жылғы 16 қаңтар күні шамамен сағат 01:03-те KZ-11 "Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 383-шақырымында Yutong маркалы жолаушылар автобусының қатысуымен жол апаты тіркелді.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, автобус Ақтаудан Бейнеу ауылы бағытына қарай қозғалып келе жатқан. Жүргізуші көлікті басқара алмай, нәтижесінде автобус аударылып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында төрт жолаушы қаза тауып, үш адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен медициналық мекемелерге жеткізілді. Автобуста барлығы 50 жолаушы болғаны анықталды.

"Автобус 2025 жылғы 19 желтоқсанда техникалық байқаудан өткен және "CASPIAN TRANS CORPORATION" ЖШС-не тиесілі. Апат болған автожол учаскесі техникалық II санатқа жатады. Жол жамылғысы асфальтбетон, ені 9 метр. Тексеру барысында жол жамылғысынан ақаулар анықталмаған, жол белгілері бекітілген дислокацияға сәйкес толық көлемде орнатылған. Оқиға тәуліктің қараңғы уақытында болған", - делінген хабарламада. 

Апат кезінде көлік құралын 1985 жылы туған жүргізуші басқарған. Алдын ала деректер бойынша, жол-көлік оқиғасы болған жерден шамамен 200 шақырым бұрын екінші жүргізушіге ауысу жүзеге асырылған.

Бұл дерек бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаменті жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Маңғыстау облысы #Жол апаты #өлім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Кеше 17:36

Түркияда тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық жарыс басталды

Кеше 17:17

Қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына 5 қола салды

Кеше 16:28

Алматының сегіз ауданында 10 мыңға жуық тұрғынның қатысқан жергілікті сенбіліктер өтті

Кеше 15:57

Алматыда Карьерная көшесінде тұрғындар мен коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен сенбілік өтті

Кеше 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика