AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Маңғыстау маңы ұлғаяды, ал Теміртауда төтенше жағд...

Маңғыстау маңы ұлғаяды, ал Теміртауда төтенше жағдай – күн керуені

Саясат 15.01.2024, 11:16 1,365 Элеонора Жаңабергенқызы
Маңғыстау маңы ұлғаяды, ал Теміртауда төтенше жағдай – күн керуені
Сурет: Almaty-akshamy.kz коллажы

Almaty-akshamy.kz сайтында бүгін жарық көрген жаңалықтарға шолу.


Маңғыстаудың шекарасы кеңейеді



"Маңғыстау облысының шекарасы мен Каспий теңізі акваториясының бастапқы сызығы арасындағы жалпы алаңы 721 940,2365 гектар жерді облыс аумағына қосу арқылы Маңғыстау облысының шекарасы өзгертілсін", - делінген Үкіметтің қаулысында.


 


Теміртауда төтенше жағдай



Қарағанды ​​облысы мен Теміртау қаласының бірнеше ауылында жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай жариялануы мүмкін. Құжаттардың жобалары "Ашық НҚА" порталында пайда болды.


10 қаңтарда Теміртауда қатты боран мен желдің салдарынан кейбір тұрғындар байланыссыз қалды. Көптеген қала тұрғындары үйлерінде жарық, жылу және судан айырылды.



Алматыда қойманың 500-ден астам шаршы метрі жанып кетті



Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру барысында қызып тұрған темір қоймадан қауіпсіз жерге 3 оттегі және 4 газ баллоны шығарылды. Өрт түнгі 22:34-те оқшауланып, 22:50-де толық сөндірілді. Оған 21 бірлік техника мен 100-ден астам адам жұмылдырылды. Оттың шығу себебі анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


 


Самат Әбішке қатысты істі тергеу аяқталды



Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді.


Қылмыстық іс бойынша Самат Әбіш ауыр салдарға әкеп соқтырған билігін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қабылданған. Ол қазір Қазақстанда.




«Достық елшісі»



Димаш Құдайбергеннен кейін осы марапатқа ие болған қазақ қызы Әлинұр Жеңістің отбасы 15 жыл бұрын атажұртқа көшіп келген.


Екі ел арасында түрлі форумдар өткізген ол «Достық елшісі» наградасын алды. Әлинұр мұнымен шектелмей, жеке кәсіпкерлікті де қолға алған. Бүгінде өз косметикалық брендін қалыптастырып, елімізде кәсібін өрлетіп жүр.


 


Масштабы кеңейген молда



Белгілі имам Нұрлан Байжігітұлы АҚШ президенті Джо Байденнен шақырту алды.


"Әрбір жылы Америка құрама штаттарының президенті Джо Байден және оған дейінгі президенттер жылда әр мемлекеттен танымал және мемлекет басшыларына жылда ас беріп, дәм береді. Бұл қайырымдылық ас болып табылады. Сондықтан біздің елден таңдау маған түсіп тұр екен. Мемлекетіміздің мүддесін, Президентіміз жасап жатқан ішкі және сыртқы саясатын жеткізу, сонымен қатар, біздің руханиятымызды кеңейту, паш ету, қазақ тарихының кең екенін көрсету үшін осы сапарға ниет білдіріп отырмыз. Алдағы аптада үлкен сапарға жол жүрмекпіз", - дейді Нұрлан имам.


 


Асылдың сынығы еді...



Ілияс Жансүгірұлының қызы Ильфа Жансүгірова өзінің туған күнінде, 90-ға қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы Фейсбук әлеуметік желісінде алаштанушы Елдос Алаш жазды.


 


Dodo пиццалы Қазақстан



Dodo пиццериялар желісінің бас кеңсесі Британдық Виргин аралдарынан Қазақстанға көшетін болды.  Бұл туралы мәлімдеген Dodo Brands қаржы директоры Лина Наумованың айтуынша, бұл шешімді бекіту үшін 2024 жылдың 10 қаңтары мен 26 қаңтары аралығында акционерлердің сырттай дауыс береді.


 


Салық пен сапа



Ұялы байланыс операторларына сапасыз байланыс қызметі үшін айыппұл салынды.


Заңнамада көзделген жеңілдіктерді ескере отырып мобильді операторлар 1 млрд 644 млн теңге төлеген:


Tele2 – 751,4 млн теңге;


Kcell – 563,2 млн теңге;


Beeline – 329,4 млн теңге.


 


Цифрланған «Алтын Орда»



Аталмыш базарды цифрландыру үшін altynordaresmi.kz сайты іске қосылды.


Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті «Алтын орда» базарының әкімшілігімен бірлесіп, базар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті. Оның шеңберінде 2023 жылғы желтоқсаннан бастап, базардың кіреберісіне 6 QR-коды бар автоматты шлагбаум мен кіру ақысын төлеу үшін павильондарда 6 POS-терминал орнатылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шолу #маңғыстау #Каспий #қойма #Теміртау #байден #имам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);