AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жақыныңа жанашыр бол! / Манар Смағұл: Pfizer-ді балаларға Дүниежүзілік ден...

Манар Смағұл: Pfizer-ді балаларға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  өзі ұсынып отыр 

Жақыныңа жанашыр бол! 11.10.2021, 13:01 1,823
Манар Смағұл: Pfizer-ді балаларға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  өзі ұсынып отыр 
inform.kz

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл жасөспірімдер мен жүкті әйелдерді COVID-19-ға қарсы вакциналау туралы пікір білдірді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz inform.kz сілтеме жасап.


«Дамыған елдердің бәрі жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге осы вакцинаны салып жатыр. АҚШ пен Ұлыбританияда аталған топтарды вакциналау тәжірибесі бар. Яғни, Pfizer вакцинасының тиімділігін біз іс жүзінде көріп отырмыз. Біріншіден, өлім-жітім жағдайлары азайған. Жалпы сырқаттану көрсеткіші де кеміген. Бұл вакцина 12 жастан асқан балалардың да, жүкті әйелдердің денсаулығына қауіп төндірмейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өзі ұсынып отыр», - деген маман Қазақстанда ересек адамдарға бүгінге дейін салынған вакциналардың тиімді болғанына тоқталды.



«Ресейлік, қазақстандық, қытайлық вакциналардың балалар мен жүкті әйелдер үшін қаншалықты тиімді екені белгісіз болғанымен, қазір қолдану мақсатына сәйкестігін көрсетіп отыр. Бұл жерде мынаны түсіну керек. Бізде бұған дейін ересектерге салынған вакциналарды балалар мен жасөспірімдерге салуға мүлдем тыйым салынған деуге болмайды. Өйткені олар аталмыш екі топқа сынақ ретінде егілген жоқ. «Спутник V» қазір осы мәселе бойынша сынақтан өтіп жатыр. QazVac-та бұл сатыдан өтеді. Нақты жасөспірімдер мен жүкті әйелдердің арасында сынақтан өткеннен кейін рұқсат мәселесі шешіледі. Менің ойымша, оған сәл уақыт керек. Тиісті зерттеулер жақсы нәтиже берсе, оларды да аталмыш екі топқа қолдануымыз мүмкін. Ал әзірге Pfizer вакцинасы ғана осы екі топқа ұсынылған. Бұған қарап біздегі басқа вакиналар COVID-19 індетіне Pfizer вакцинасындай тиімді емес деген ой туындамауы керек. Біз қолданып жүрген вакциналардың бәрі вирусқа тиімді екенін уақыт көрсетті», - деді Манар Смағұл.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#ковид #екпе #смағұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Үкіметке цифрлық экономиканың ІЖӨ-ге әсерін бағалау бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды

Бүгін 14:08

Алматыда Тоқаевтың төрағалығымен ЖИ дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті

Бүгін 14:06

7 және 9 мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Бүгін 12:29

АҚШ-та жазушы Мұхтар Мағауиннің бейітінің басына құлпытас қойылды

Бүгін 12:19

Нұраділ Әлжан Тәжікстандағы Grand Slam турнирінде қола жеңді

Бүгін 11:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);