Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / МӘМС-те қандай өзгерістер бар?

МӘМС-те қандай өзгерістер бар?

Медицина 14.02.2022, 04:52 1,777
МӘМС-те қандай өзгерістер бар?
Сурет: Inform.kz

АЕК мөлшерінің өсуіне байланысты сақтандыру жарналары мен аударымдар мөлшері өзгерді.


Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Әлия Жүсіпова түсіндіріп берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.


Әлия Жүсіпованың айтуынша, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мен айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінің өсуіне байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар мөлшері өзгерді.



«Жұмыс беруші жұмыскердің жалақысының 3 пайызын аударады, бірақ 18 мың теңгеден аспайды, өйткені есептеу объектісі 10 ЕТЖ аспауы тиіс. Егер қызметкер 15 жеңілдік санатының біріне жататын болса, онда ол үшін аударым жасаудың қажеті жоқ», - деп түсіндірді Әлия Жүсіпова.



Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2 пайызын аударады, бірақ 12 мың теңгеден аспайды, өйткені есептеу объектісі 10 ЕТЖ аспауы тиіс. Дара кәсіпкерлер және жеке тәжірибемен айналысатын адамдар үшін - ЕТЖ-нің 1,4 еселенген мөлшерінің 5 пайызы немесе 4200 теңге. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар БЖТ төлейді: қала тұрғындары үшін - 1 АЕК немесе 3 063 теңге; ауыл тұрғындары үшін - 0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге. Дербес төлеушілер - ЕТЖ-нің 5 пайызы немесе 3000 теңге. Мемлекет азаматтардың жеңілдікті 15 санаты үшін төлейді, бұл 11 миллионнан астам адам. Ағымдағы жылы бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды.



«Науқаста белгіленген әлеуметтік мәні бар ауру болған салалық мамандардың мерзімді жоспарға сай баруы, диагностикалық зерттеулер (аспаптық және зертханалық), сондай-ақ учаскелік дәрігер мен мейірбикенің қабылдауы және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету әлеуметтік маңызы бар ауруды амбулаториялық деңгейде емдеу тізбесіне кіреді. Егер науқаста созылмалы аурудың асқынуы пайда болса немесе жоспарлы сауықтыру талап етілсе, онда мұндай науқас күндізгі немесе тәуліктік стационарға жатқызылуы мүмкін», - деп толықтырды Ә.Жүсіпова.



Ол атап өткендей, сақтандырылмаған науқас тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) тізбесіне кіретін қызметтерді, яғни жедел медициналық көмекті, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ала алады. Оның ішінде учаскелік дәрігерді қабылдау, ауруларды диагностикалау және емдеу, профилактика, сауықтыру, иммундау, салауатты өмір салтын ұстану, актив, патронаж, созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық (диспансерлік) бақылау, созылмалы аурулар мен әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу кезінде күндізгі стационарда және тәулік бойы стационарда медициналық көмек көрсету,туберкулез бойынша медициналық оңалту, паллиативтік көмек, транспланттау, шетелде емдеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#МӘМС #денсаулық #сақтандыру #жарна
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика