AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / МӘМС шеңберінде салалық мамандардың көмегіне жүгін...

МӘМС шеңберінде салалық мамандардың көмегіне жүгінуге болады

Медицина 04.11.2022, 09:45 1,640
МӘМС шеңберінде салалық мамандардың көмегіне жүгінуге болады
Сурет: Іnbusiness.kz

Қызмет медицина ұйымдары арасындағы қосымша келісімшарт негізінде көрсетіледі.


Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері амбулатория деңгейінде салалық мамандардан консультация алу жайлы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Басқарма жетекшісінің орынбасары м.а. Назгүл Иманғалиеваның айтуынша, салалық маманның қабылдауына емханадағы жалпы практика дәрігері арқылы жазылуға болады. Содан кейін пациенттің денсаулық жағдайына қарай профильдік маманға жолдама беріледі. Бұл науқастың ғана емес, маманның да уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.



«Салалық мамандардың консультациясы, КТ/МРТ, рентген сынды тағы да басқа диагностикалық қызметтер сақтандырылған азаматтарға міндетті медициналық сақтандыру арқылы көрсетіледі. Ол үшін емдеуші дәрігердің жолдамасы қажет. Дәрігер жолдаманы тиісті көрсетілімдер мен ауру белгілеріне қарай жазып береді», - дейді маман.



Тағы бір ескерте кетерлігі, қажетті қызмет түрі емханада көрсетілмейтін болса пациентке басқа емдеу мекемесіне жолдама берілуі тиіс. Қызмет медицина ұйымдары арасындағы қосымша келісімшарт негізінде көрсетіледі.


Сонымен қатар, учаскелік дәрігердің жолдамасын қажет етпейтін жағдайлар да болады. Мысалы, салалық маман қойған диагнозды нақтылау мақсатында қосымша инструменталдық тексеру жүргізу қажет болғанда, шұғыл стоматологиялық көмек қажет болса, тіркелген емханадағы акушердің немесе писхолог маманның қабылдауына кіруге, дерматовенорологиялық сырқаттарды емдеу үшін жолдама алудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайларда аталған қызметтерді көрсететін клиниканың тіркеу бөлімі арқылы жазылса жеткілікті.



«Ал, шұғыл жағдайларда медициналық көмек кешіктірмей көрсетілуі тиіс. Егер емхана қызмет көрсетуден орынсыз бас тартқан жағдайда клиника жанындағы пациенттерді қолдау қызметіне хабарласып, мәселені сол жерде шешуге болады», - деді Назгүл Иманғалиева.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#МӘМС #денсаулық #консультация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);