МӘМС жүйесіндегі өзгеріс: Алматыда медициналық ұйым қызметкерлері арнайы оқытылып жатыр

  • 14:28, 17 желтоқсан 2025
МӘМС жүйесіндегі өзгеріс: Алматыда медициналық ұйым қызметкерлері арнайы оқытылып жатыр Алматы әкімдігі

МӘМС жүйесіндегі өзгерістерді түсіндіруге бағытталған жүйелі жұмыс аясында оқыту шараларының бірі №36 қалалық емханада өтті. Іс-шара барысында МӘМС жүйесіндегі өзгерістердің тәжірибелік аспектілеріне, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің пациенттермен өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды.

Оқытуды емхана директоры Гүлжайнат Тілеген өткізді. Негізгі басымдық медициналық көмекті қаржыландырудың жаңа қағидаларын түсіндіруге және медицина қызметкерлерінің пациенттерді ақпараттандырудағы рөліне берілді.

Осындай түсіндіру кездесулері қаланың барлық медициналық ұйымында ұйымдастырылып жатыр.

Аталған шараның мақсаты - МӘМС жүйесіндегі өзгерісті бірыңғай түсінуді қамтамасыз ету және медицина қызметкерлерінің жаңа жағдайда пациенттермен жұмыс істеуге дайындығын арттыру. Бұл әрбір қала тұрғынының қажетті медициналық көмекті уақтылы әрі толық көлемде алуына мүмкіндік береді.

2026 жылғы қаңтардың 1-інен бастап МӘМС жүйесінде маңызды өзгерістер енгізіледі: созылмалы аурудың бір бөлігі сақтандыру пакетіне ауыстырылады. Бұл шешім халықтың емделуге қолжетімдігін кеңейтуге бағытталған.

МӘМС пакетіне әлеуметтік маңызы бар ауру - қант диабеті, балалардың церебралды сал ауруы, дәнекер тіннің жүйелі зақымдануы және ревматизм енгізіледі. Бұл пациент үшін сақтандырылған мәртебесі болған жағдайда медициналық көмекті, консультацияны және дәрілік қамтамасыз етуді тегін алу сақталатынын білдіреді.

Сонымен қатар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) шеңберінде ұзақ әрі қымбат емдеуді қажет ететін ең ауыр 11 ауру қалады. Олардың қатарында туберкулез, АИТВ-инфекциясы, қатерлі ісік ауруы, созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозы, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыс, орфандық ауру, орталық жүйке жүйесінің дегенеративті және демиелинизациялық ауруы, эпилепсия, сондай-ақ жедел жағдай - миокард инфаркті (алғашқы алты ай) және инсульт (бір жыл ішінде) бар. Бұл ауру бұрынғыдай пациенттің сақтандырылу мәртебесіне қарамастан толық көлемде мемлекет есебінен қаржыландырылады.

2026 жылғы қаңтардан бастап медициналық көмектің Бірыңғай пакетіне кезең-кезеңімен көшу басталады. Ол:
- ТМККК мен МӘМС арасындағы нақты шекараны айқындауды және қызметтердің қайталануын болдырмауды;
- аурудың ерте алдын алуға қолжетімдікті;
- МӘМС-тегі мәртебесіне қарамастан барлық азамат үшін онкологиялық ауруды анықтауға арналған скринингтен өтуді;
- әлеуметтік маңызы бар ауруға күдік туындаған жағдайда тегін тексеруді;
- ресурсты қайта бөлу арқылы жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

Оқыту барысында әлеуметтік қорғау мәселесіне де ерекше назар аударылды. Он бес жеңілдікті санатқа жататын азамат, соның ішінде балалар, мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер, жұмыссыздар және өзге де санат өкілдері барлық қажетті медициналық көмекті тегін ала береді.

2026 жылғы қаңтардың 1-інен бастап өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға қосымша қолдау көрсетіледі. Әлеуметтік әл-ауқатының дағдарыстық немесе шұғыл деңгейіне жататын Д және Е санатындағы, табысы немесе зейнетақы жарнасы жоқ адамдар үшін МӘМС жүйесіндегі жарна жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен төленеді. Бұл олардың жұмыс істемеген және жарна аудармаған жағдайдың өзінде медициналық көмекке қолжетімдігі сақталатынын білдіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:55

15:43

15:33

15:21

15:15

15:02

14:55

14:46

14:39

14:28

14:13

13:42

12:17

12:13

11:50

11:46

11:37

11:27

11:21

11:10

10:59

10:47

10:37

10:27

10:07