«Мамандығым – Болашағым»: кәсіптік бағдар беруді дамыту және кадр даярлау

«Мамандығым – Болашағым»: кәсіптік бағдар беруді дамыту және кадр даярлау gov.kz

2025 жылғы 31 наурызда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев пен ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының «Мамандығым – Болашағым» бағдарламасы кеңсесінің басшысы Олжас Сәкеновтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясының тақырыбы «Мамандығым – Болашағым» жобасына, кәсіптік бағдар беруді дамытуға және елдегі білікті кадрларды даярлауға арналды.

Баспасөз конференциясы барысында «Мамандығым – Болашағым» бағдарламасының кеңсе басшысы Олжас Сәкенов өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және «Халық табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспары аясында 2022 жылдан бастап Қазақстанда өңірлік еңбек нарығының өзекті сұраныстарын ескере отырып, кадрлар даярлау жүйесін қайта форматтауға бағытталған «Мамандығым – Болашағым» жобасы сәтті жүзеге асырылып келе жатқанын атап өтті.

Жобаның негізгі мақсаттарының бірі – білім беру және еңбек ресурстары саласындағы өңірлік айырмашылықтарды теңестіру, сондай-ақ еңбек өнімділігі мен халық табысын арттыру. Қазақстан экономикасы үшін білікті кадрларды даярлауға бағытталған «Мамандығым – Болашағым» жобасы аясында мектеп оқушылары мен студенттерге заманауи еңбек нарығының талаптарына сай кәсіптік бағдар беруге арналған инновациялық шешімдерді енгізу жалғасуда.

«Мамандығым – Болашағым» жастарды экономиканың болашақтағы сын-қатерлеріне дайындауға, оларды сұранысқа ие мамандықтарға бағыттауға және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, олардың әлеуетін дамытуға бағытталған. Жобада ерекше назар EduNavigator платформасына аударылған, ол – мектеп оқушылары мен кәсіби кеңесшілерге арналған кәсіптік бағдарлау құралы. Бұл платформа оқушыларға өздерінің кәсіби қалаулары туралы түсінік қалыптастыруға, мансаптық жолдарын болжауға және жеке бейімділіктері мен қызығушылықтарын ескере отырып, сәйкес мамандықтарды таңдауға көмектеседі», – деді Олжас Сәкенов.

Жоба жетекшісінің айтуынша, қазіргі таңда 100 000-нан астам мектеп оқушысы EduNavigator платформасында тестілеуден өтті.

Жоба Алматы, Астана, Маңғыстау, Қарағанды және жаңа кәсіптердің салалық атластары енгізілген басқа өңірлерді қоса алғанда, елдің негізгі облыстарын қамтиды, сондай-ақ еңбек ресурстарының өңірлік карталары әзірленуде, олардың негізінде 91 қазақстандық ЖОО-да 902 білім беру бағдарламасы қалыптастырылды.

Баспасөз конференциясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев «Study in Kazakhstan» көрмесі және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жүргізіп отырған мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары туралы айтты.

Министрліктің бастамасымен және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен ел өңірлерінде «Study in Kazakhstan» ауқымды көрмесі өткізіледі. Бұл көрме мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беруге бағытталған, оларға отандық оқу орындарында қолжетімді кең ауқымды білім беру бағдарламалары мен мансаптық мүмкіндіктермен танысуға, сондай-ақ болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін жетекші мамандар мен университет өкілдерінен кеңес алуға мүмкіндік береді.

«Study in Kazakhstan» көрмесі биыл 29 қаңтарда Қарағанды қаласында басталып, 12 ақпанға дейін Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда қалаларында жалғасты. Көрмеге 32 мыңнан астам мектеп оқушысы, ата-аналар және кәсіптік бағдар беру мамандары қатысты. Іс-шара барысында Аризона университеті, Жасанды интеллект мектебі (Seoul Tech), Ковентри университеті сияқты 20-дан астам шетелдік жоғары оқу орнының филиалдары, сондай-ақ Қазақстанның жетекші университеттері таныстырылды.

Сондай-ақ Руслан Емелбаев:

«Қазіргі уақытта ел бойынша наурыздағы ҰБТ өтіп жатыр, алда негізгі ҰБТ бар, және талапкерлерге өз болашақ мамандығын таңдау қажет. «Study in Kazakhstan» жәрмеңкесі – кәсіптік бағдар үшін таптырмас алаң. Сонымен қатар көрмеде балалар Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылған шетелдік оқу орындарының филиал өкілдеріне тікелей сұрақ қоя алады. Бұл – жастарымыз үшін елден шықпай-ақ шетелдік диплом алуға тамаша мүмкіндік», – деді.

Осы жылдың 3 сәуірінен бастап көрме өз жұмысын елдің батыс өңірлерінде жалғастырады, оның ішінде Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында жаңа көрмелер мен іс-шаралар өтеді. Бұл іс-шаралар мақсатты білім беру гранттары және жастарға кәсіптік бағдар беру туралы ақпарат ұсынуға бағытталған. Олар халқы тығыз орналасқан және батыс өңірлердегі жастарға елдің жетекші оқу орындарында сапалы білім алуға мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:55

17:30

17:22

17:08

17:04

17:02

16:52

16:45

16:28

16:13

16:01

15:54

15:49

15:27

15:12

15:01

14:51

14:44

14:30

14:15

14:05

13:33

13:19

13:10

13:07