Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Мама, я живая!» фильмі қазақстандық көрермендерге...

«Мама, я живая!» фильмі қазақстандық көрермендерге жол тартады

Мәдениет 25.09.2024, 17:48 633
«Мама, я живая!» фильмі қазақстандық көрермендерге жол тартады
Сурет: Gov.kz

3 қазанда Алматыда белгілі қазақстандық режиссер Азиз Заировты еске алуға арналған «Мама, я живая!» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтеді.

Фильм «Безграничные возможности!» кинотрилогиясының үшінші және соңғы бөлімі. Әлеуметтік драмада қызы лейкемияға ұшыраған кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор әйелдің өмірі баяндалады. Кинокартина ананың шексіз махаббаты, баласының өмірі үшін күресі туралы, деп хабарлайды aqshamnews.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Басты рөлдерде дарынды қазақстандық актерлер Султанна Шенгел, Адель Махмутова, Ілияс Оутов, Асланби Медеулов және Бақытжан Орынбасар ойнады. Сценарий авторлары – Азиз Заиров пен Мұхаммед Мамырбеков.

2022 жылы «Мама, я живая!» фильмі алғаш рет Канндағы әлемдік премьерада Cannes 7th Art Awards кинофестивалінде көрсетілді. Онда ол «Grand Prix of the Silk Road countries» ең жоғары марапатына ие болды. Сонымен қатар фильм басқа да халықаралық сыйлықтар мен жүлделі орындарды иеленді.

Азиз Заировтың өзі мүмкіндігі шектеулі адамдардың бірі болғандықтан, өмірін мүгедек балалар мен ересектерге көмектесуге арнаған. Оларды өз фильмдеріне түсуге жиі шақырған. Ол Қазақстанды әлемге таныта жүріп, көптеген адамдарға үлгі бола білді. Артында бай шығармашылық мұра қалдырды. Оның кинодағы еңбегі өзі өмірден өткеннен кейін де уақыт сынынан сүрінбей келеді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен «Skif» студиясының қолдауымен түсірілген фильмді көрермендер 3 қазаннан бастап Алматы, Астана, Қарағанды, Талдықорған, Степногорск, Шымкент, Түркістан және Ақтау сияқты қалаларда тамшалай алады. Көрсетілім өтетін кинотеатрлар – «Kinopark», «Арман», «Chaplin» және «Cinemax».

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фильм #алдын ала көрсетілім #Мама #я живая
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32

Алматыда дәмханаға заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр

Бүгін 17:17

Бектенов «Семей орманы» резерватының жарақтандырылу деңгейін тексерді

Бүгін 17:00

Құтқаруға берілетін 96 сағат: кене шаққанда не істеу керек және Алматыда қайда жүгінуге болады?

Бүгін 16:23

Дина Исламбекова бокстан Азия чемпионатында алтын медальға ие болды

Бүгін 16:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика