AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Малайзия мемлекеттік басқару саласы бойынша тәжіри...

Малайзия мемлекеттік басқару саласы бойынша тәжірибе алмасуға дайын

Әлем 15.06.2024, 10:54 709 yakiya
Малайзия мемлекеттік басқару саласы бойынша тәжірибе алмасуға дайын
интернет

Малайзия – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі.

Малайзия табиғи апат кезінде және одан кейін мемлекеттік қызметшілердің іс-қимыл алгоритмдерін жетілдіру үшін Қазақстанмен тәжірибе алмасуға дайын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Малайзия Парламенті Сенаты төрағасының міндетін атқарушы Нур Джазлан Мохамед Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өткен кездесуде мәлімдеді.  

Малайзия – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі. Малайзияда муссондық жаңбырлар мен су тасқыны жиі болып тұрады. Малайзия Сенаты басшысының м.а. Академия қызметкерлерімен және тыңдаушыларымен кездесуде су тасқынымен күресу бойынша мемлекеттік қызметкерлер арасында тәжірибе алмасуға дайын екенін атап өтті.

«Су тасқынын басқару – өте маңызды іс. Қазақстан мұндай ауқымды су тасқынын күтпегенін түсінеміз, бірақ әлемде климаттық өзгерістерге байланысты нөсер жаңбырдан туындаған су тасқыны алдағы уақытта да болу ықтималдығы жоғары. Сондықтан Малайзия табиғи апат кезінде және одан кейін мемлекеттік қызметшілердің іс-қимыл алгоритмдерін жетілдіру үшін Қазақстанмен тәжірибе алмасуға дайын. Малайзия Мемлекеттік басқару академиясы тарапынан біз мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен коммуникативтік дағдыларын арттыру бойынша оқыту курстарын ұйымдастыруға әзірміз. Дағдарыс кезінде жұмыс істейтін мамандар білікті болуы керек және халықтың мұң-мұқтажын түсіне алуы керек», – деді Нұр Джазлан Мохамед.

Сондай-ақ спикер мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру, мемлекеттік басқаруды цифрландыру және мемлекеттік сектор жұмысында жасанды интеллектті пайдаланудың артықшылықтарымен бөлісті.

Академия ректоры Ерлан Әбіл Нұр Джазлан Мохамедке алғысын білдіріп, Малайзияның мемлекеттік басқару академиясымен әріптестік қарым-қатынас орнатуға дайын екенін атап өтті. Кездесу соңында Академия тыңдаушылары мен қызметкерлері сұрақтарына жауап алды.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Малайзия #тәжірибе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);