AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Мал ұрлаған 19 ұйымдасқан топ ұсталды

Мал ұрлаған 19 ұйымдасқан топ ұсталды

Заң мен тəртіп 23.05.2023, 08:06 1,518
Мал ұрлаған 19 ұйымдасқан топ ұсталды
Сурет: Baq.kz

22 мал ұрлығы және бұрын жасалған 115 қылмыс ашылды.


589 мал басы табылып, заңды иелеріне қайтарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Polisia.kz сайтының мәліметі бойынша, жақында ІІМ үш мыңнан астам полиция қызметкері мен 200-ден астам ауыл шаруашылығы және ветеринариялық бақылау басқармаларының мамандарын тарта отырып, кезекті “Мал ұрлығы” жедел алдын алу шарасын өткізілді. Операцияның төрт күнінде мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 11 695 автокөлік, 4 226 мал және ет өнімдерін сатып алу, өткізу орындары, сондай-ақ 8 708 шаруа қожалықтары мен мал жайылымдары тексерілді. Бұл ретте 22 мал ұрлығы және бұрын жасалған 115 қылмыс ашылды. Осы қылмысты жасағаны үшін 136 адам ұсталды, оның ішінде 19 ұйымдасқан топ бар. 589 мал басы табылып, заңды иелеріне қайтарылды.



«Мәселен, Алматы облысы ПД қызметкерлері төрт адамнан тұратын мал ұрлаушылар тобының қылмыстық әрекетін тоқтатты, олар еркін жайылымнан бірнеше рет мал ұрлығын жасаған. Өткен жылғы қыркүйектен бастап олар 30-дан астам жылқы ұрлаған. Барлық жағдайда қылмыскерлер ұрланған мал бастарын алдын-ала жалданған ауыр жүк көліктерімен алып кеткен. Күні кеше ғана Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында екі рет мал ұрлығын жасаған күдікті ұсталды. Ұрланған 22 жылқыны ұстау және тәркілеу Алматы облысы Ұзынағаш ауданының аумағында жүргізілді», – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Айдос Рысбаев.



Сонымен қатар ветеринария саласында 864 құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, тиісті құжаттарсыз мал және ет өнімдерін тасымалдау және сату фактілері орын алған.



«Бұрын қабылданған заңнамалық сипаттағы шараларға тоқталсақ, Қылмыстық кодекске “мал ұрлығы” жеке бап ретінде енгізіліп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделді, сондай-ақ еркін жайылымда малдың бақылаусыз болуына тыйым салатын ауыл шаруашылық малдарын жаю қағидалары бекітілді. Оған қоса жоғарыда аталған профилактикалық іс-шаралар бар. Бұл шаралар өткен жылы мал ұрлығын азайтуға мүмкіндік берді. Дәл осындай оң үрдіс ағымдағы жылы да байқалады. Жұмыс сапасын одан әрі жақсарту мақсатында ІІМ әзірлеп жатқан 2024-2028 жылдарға арналған Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасына ауыл шаруашылығы малдарын цифрландыруға ғана емес, сонымен қатар әрбір жеке малды союға дейін қадағалауға мүмкіндік беретін бірқатар бастамалар енгізілді. Ішкі істер министрлігі өз тарапынан құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді, мал ұрлығына қарсы міндеттерді орындауды әрі қарай жалғастыратын болады», – деді Айдос Рысбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мал #ұрлық #ІІМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мен жапондық Rakuten Sports спорттық туризмді дамытады

Бүгін 17:22

Алматының коммуналдық қызметі жаңбырға дайындық режиміне көшірілді

Бүгін 16:24

Алматы әкімі қалалық Ардагерлер кеңесінің төралқа мүшелерімен кездесті

Бүгін 15:55

AI & Digital Bridge 2026 қазақстандық стартаптарға Силикон алқабына жол ашады

Бүгін 15:34

AI MONTH аясында Қазақстанда жүлде қоры 2 млн долларды құрайтын AI-кино фестивалі өтеді

Бүгін 15:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);