AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Мал терісі мен жүнін экспорттайтындар кедендік баж...

Мал терісі мен жүнін экспорттайтындар кедендік баж салығынан босатылады

Экономика 17.04.2025, 12:51 818
Мал терісі мен жүнін экспорттайтындар кедендік баж салығынан босатылады
Сурет: Gov.kz

2025 жылғы 16 сәуірдегі Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін экспорттауға салынатын кедендік баж салығын алып тастау мақұлданды.

Бұл жеңілдік үш жыл мерзімге енгізіліп, кейін қайта қарау мүмкіндігі сақталады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Шешімнің басты себебі — өндірілетін шикізаттың едәуір бөлігі ішкі нарықта сұранысқа ие емес. Атап айтқанда, тері мен жүнді өңдеу және экспорттау деңгейі әлі де төмен деңгейде қалып отыр.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ынталандыру және өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін қамтамасыз ету мақсатында, өңдеуге өткізілген шикізатқа субсидия беру түрінде мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылып жатыр.

Тері мен жүнге салынатын экспорттық баж салығын алып тастау, ең алдымен, ірі және ұсақ мал өсіретін фермерлердің шығындары мен қалдықтарды жоюға жұмсалатын шығыстарды азайтуға, өндірістік-бөлу тізбектерін дамытуға, өткізу нарықтарын кеңейтуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы шикізатын өндіруші және экспорттаушы отандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Қазіргі таңда ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 ақпандағы бұйрығына сәйкес, қолданыстағы экспорттық баж салығы мөлшері мынадай:

•ірі және ұсақ мал терілері мен басқа да өңделмеген терілердің экспортына — тоннасына 200 еуро;

•жүн экспортына — 10%, бірақ тоннасына кемінде 50 еуро.

Ішкі нарық қажеттілігі мен тері-жүн экспорты арасындағы теңгерімді сақтау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отырады және қажет болған жағдайда өңдеу саласындағы инвестициялық жобаларды ескере отырып, тиісті шараларды жедел түрде қабылдайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тері #жүн #экспорт #баж салығы #Босату
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:06

Алматыда 2026 жылдың басынан бері 53 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Бүгін 09:04

Қазақстан кәсіпорындары ЕАЭО-ның жаңа кооперациялық жобаларына қатысады

Бүгін 08:45

Тоқаев Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады

Бүгін 05:00

«Заң мен Тәртіп»: студент жастардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттырды

Кеше 20:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);