конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / "Мәдениет туралы" заңда көркем әдебиет туралы тара...

"Мәдениет туралы" заңда көркем әдебиет туралы тарау жоқ

Білім және ғылым 16.02.2022, 08:30 2,101
"Мәдениет туралы" заңда көркем әдебиет туралы тарау жоқ
Сурет: Еgemen.kz

Аталған заңда жазушының мәртебесі де анықталмаған.


Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек қолданыстағы «Мәдениет туралы» заңда көркем әдебиет туралы нақты тарау жоқ екенін, жазушының мәртебесі де анықталмағанын айтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Заңда театрлар мен кітапхана туралы тараулар бар, тіпті кино саласында арнайы заң қабылдадық. Оның бәрі керек, бәрі дұрыс. Бірақ осы театр мен киноның негізінде қандай дүние жатыр? Ол, әрине, әдебиет. Әдебиет болмаса, кино мен театр қойылымы қайдан шықсын? Кітапхана туралы тарау бар, бірақ сол кітапхана сөрелерінде әдеби кітаптар тұрған жоқ па?» - деді Ақберен Елгезек елордада Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде.



Оның айтуынша, заңда әдебиет туралы жанама ғана айтылады. 



«Мысалы, қоғамдық маңызды әдебиет туралы тарау бар және ол тарауда ол әдебиетті шығарып басу мен тарату туралы бұлыңғыр ереже бар. Ал нақты көркем әдебиет туралы тарау жоқ. Неге біз қазақтың көркем әдебиет деген сөзінен қашамыз, соны қаламгерлер қауымы түсінбейді. Аталған заңда жазушының мәртебесі де анықталмаған. Шығармашылық қызметкер деген сөз бар, бірақ оның қоғамдық орны мен рөлі нақты айтылмаған. Біздің ойымызша, алдағы уақытта аталған заңда көркем әдебиет туралы, жазушының мәртебесі мен оның гонорар жолдарын анықтайтын ережелері бар бөлек тарау енгізу қажет. Оған саяси ерік-жігер болса, осы тарауды жасақтайтын жұмыс тобына қатысып, көмектесуге даярмыз», - деді Ақберен Елгезек.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жазушы #әдебиет #мәдениет #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берудің басталу және аяқталу уақыты өзгертілген учаскелердің тізімі

Кеше 19:22

Сайлаушыларды дауыс берудің уақыты мен орны туралы хабардар ету

Кеше 19:04

Орал қаласында Құтқарушылар аллеясы ашылды

Кеше 18:00

Алматыда LRT желісін 2027 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр

Кеше 17:18

Қазақша минимализм: саналы өмір салтының жаңа парадигмасы

Кеше 17:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);