Алматы еліміздің ірі өндірістік және өнеркәсіптік орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Қазіргі таңда қалада азық-түлік, кондитерлік өнімдер, қайта өңделген ауыл шаруашылығы тауарлары мен күнделікті тұтынатын түрлі өнімдерді шығаратын 80-нен астам ірі және орта кәсіпорын жұмыс істейді.
Алматылық кәсіпорындардың өнімдері Қазақстан нарығында ғана емес, шетелде де жоғары сұранысқа ие. Қалада өнеркәсіпті дамыту, жергілікті өндірушілерді қолдау және отандық брендтерді халықаралық деңгейде таныту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді.
Алматы компанияларының халықаралық нарыққа шығудағы маңызды жетістіктерінің бірі 2025 жылы Шанхайда өткен 8-ші China International Import Expo халықаралық көрмесіне қатысуы болды. «Made in Almaty» брендімен ұйымдастырылған стендте мегаполистің 10 кәсіпорны өнімдерін ұсынды.
Көрме нәтижесінде Қытай нарығына өнім жеткізу бойынша 10 млрд теңгеден астам сомаға экспорттық келісімдер жасалды. Халықаралық серіктестер әсіресе алматылық өнімдердің сапасына, өндірістік әлеуетіне және ассортиментінің түрлеріне қызығушылық танытқан.
Халықаралық алаңда Алматының атынан қатысқан кәсіпорындар қатарында:
1. «Масло-Дел» ЖШС – өсімдік майы, сүт және май өнімдері өндірісі;
2. «Цин-Каз» ЖШС – жеміс-жидек пен көкөністерді өңдеу және консервілеу;
3. «Бижан» ЕӨЗ ЖШС – ет өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісі;
4. «ALMATY MAI» ЖШС және «Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ – май және май өнімдерін шығару;
5. «Лотте Рахат» АҚ – кондитерлік өнімдер өндірісі;
6. «Quipynai Production» ЖШС – азық-түлік өнімдерін шығару;
7. «Алматы өнімі» ЖШС – ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісі;
8. «Беккер және К» ЖШС – ет өнімдерін өндірісі;
9. «Алматынан» ЖШС – нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер шығару бар.
Бүгінде «Made in Almaty» бренді сапалы әрі бәсекеге қабілетті отандық өнімнің белгісіне айналып келеді. Алматылық кәсіпорындардың халықаралық көрмелерге қатысуы экспорт көлемін ұлғайтуға, жаңа серіктестік байланыс орнатуға және қазақстандық өнімдерді әлемдік нарыққа шығаруға ықпал етеді.
Жергілікті өндірушілерді қолдау, өндірістік әлеуетті арттыру және отандық брендтердің танымалдылығын күшейту Алматы экономикасының тұрақты дамуына серпін беретін маңызды бағыттардың бірі болып қала береді.