ffin.kz

Лондонда жүрген қазақстандықтар Республика күнін ерекше атап өтті

Лондонда жүрген қазақстандықтар Республика күнін ерекше атап өтті Сурет: Inform.kz

Республика күні Тұманды Альбион төрінде де тойланды.


Лондонда уақытша тұрып жатқан қазақстандықтар орталық алаңға шығып, флешмоб ұйымдастырды, деп Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Ұлыбританияның орталығында орналасқан әлемге әйгілі Трафальгар алаңына бір топ отандасымыз жиналып, олардың алдында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали жырдан шашу шашты. Ол Мұқағали Мақатаев пен Бәкір Тәжібаевтың өлеңдеріне өрілген «Қазағым-ай», «Ауылым» әндерін нақышына келтіріп орындады. Дәстүрлі ән өнеріміздің көшін өрге сүйреп жүрген әнші ұлтымыздың бай мәдениетін шетелде насихаттау маңызды екенін айтады.



«Мақсатымыз - қазақтың әнін, дәстүрін, домбырасын және ұлттық киімін шетелдіктер алдында паш ету. Республика күнінде әлемді аузына қаратып отырған Ұлыбритания сияқты ұлы мемлекеттің астанасында дәстүрлі өнеріміздің салтанат құруы үлкен жетістік деп білемін», - дейді Ерлан Рысқали.



Ұлыбритания - туризм бойынша дүниежүзінде оныншы орын алатын мемлекет. Жыл сайын бұл жаққа әлемнің түкпір-түкпірінен 40 миллионға жуық адам қыдырып келеді. Пандемия басылғалы олардың саны арта түсті. Бұл жолы Лондонның көрнекі орындарын аралап жүрген саяхатшылар флешмоб қатысушыларымен танысып, қазақ өнерінен сусындауға мүмкіндік алды.



«Мен Америкадан Ұлыбританияға қыдырып келдім. Қазақстанда Республика күні тойланып жатқанын естіп, қуандым. Біз сіздерге бақыт пен байлық, денсаулық пен махаббат тілейміз. Республика күні құтты болсын!» - дейді Аманда Бойл есімді турист.


«Трафальгар алаңында ұлттық киімдеріңізді көріп, дәстүрлі әндеріңізді тыңдап риза болып жатырмыз. Біз Англияның жергілікті тұрғындарымыз. Мерекемен құттықтаймыз!» - дейді Маргарет Смит.



Флешмоб қатысушылары - Ұлыбританияда жұмыс бабымен жүрген немесе білім алып жатқан отандастарымыз. Республика күнін Қазақстанда мерекелеу мүмкін болмағандықтан, Тұманды Альбион төрінде тойлауды ұйғарыпты. Үстерінде шапан мен қамзол, қолдарында домбыра мен жалау. Олар балаларын да ертіп келіп, Әнұранды бәрі бірге орындады.



«Лондонға қыдырып келдім. Бір жағынан, ағылшын тілін үйрену мақсатым еді. Қазақ бауырларымның осында тойлап жатқанын естіп келдім. Шын жүректен қуанып жатырмын. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!» - дейді отандасымыз Арман Күмісбай.



Ұлыбритания - 70 миллионға жуық адам тұратын алып мемлекет. Негізгі халқын ағылшын, шотланд, уэльс және ирланд ұлттары құрайды. Олардан бөлек үнділік, пәкістандық, ауғанстандық және басқа да иммигранттардың ұрпақтары тату-тәтті өмір сүреді. Барлығының әдет-ғұрыптары мен салт–дәстүрлерінің сақталуына және мерекелерін кең көлемде атап өтуіне жағдай жасалған. Қазақстандықтар биыл қайта түлеген Республика күнін алдағы уақытта бұдан да кең көлемде тойлауды жоспарлап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58