AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғандар сот...

Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғандар сотталды

Заң мен тəртіп 10.10.2023, 04:03 1,025
Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғандар сотталды
Almaty-akshamy.kz

Астанада ТЖД басқармасының және басқа да мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына сот үімі шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Антикор хабарлағандай, Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Бейсенқановқа құрылыс ұйымының өкілдерінен Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды қауіпті деп тану туралы құжатты бекіткені үшін 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.


Сондай-ақ іс бойынша Қиыр Шығыс азаматтық авиация басқармасы басшысының орынбасары мен бас маманы да айыпталуда, олар аудиторлық тексерудің оң қорытындысы үшін жеке компания өкілдерінен 2 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.


Астана құрылыс басқармасының басшысы мен оның орынбасарына қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылды. Антикордың айтуынша, олар құрылыс компаниясын құны 21 миллион теңгеден асатын материалдық құндылықтарды сатып алуға көндірген.


Сондай-ақ құрылыс бөлімінің басшысына жалпы қамқорлық жасау және мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстардың актісіне кедергісіз қол қою үшін ЖШС басшылығынан 400 мың теңге көлемінде пара алды деген айып тағылды.


Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты пара алғаны үшін мыналарға үкім шығарды (ҚР ҚК 366-бабы):


- Астана ТЖД басқармасының бастығы Б. Бейсенқанов 5 жылға бас бостандығынан айыруға;


- құрылыс басқармасының басшысы А. Жанғасканов 4,5 жылға бас бостандығынан айыруға;


- Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Ғ. Айтжанова 60 миллион теңге айыппұлға;


- ІМАД бас маманы А. Әбішева 90 миллион теңге айыппұлға сотталды.


Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін (ҚР ҚК 361-бабы) Астана құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ж. Мырзахметов 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.


Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.


Осы үкіммен жеке құрылыс компаниясының өкілдеріне жоғарыда аталған барлық лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін жалпы сомасы 500 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.


ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #лауазым #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бейсенбінің ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:30

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Кеше 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Кеше 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Кеше 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Кеше 18:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);