AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Күзде иммунитетті түсіруге болмайды

Күзде иммунитетті түсіруге болмайды

Керек кеңес 17.09.2023, 05:10 1,350
Күзде иммунитетті түсіруге болмайды
Сурет: ашық дереккөз

ЖРВИ мен тұмау маусымы алдында дұрыс тамақтану мен ұйқы, дене шынықтыру иммунитетті жақсартуға көмектеседі.


Бұл туралы Алматы қаласы N36 қалалық емхананың дәрігері Әйгерім Исағалиева айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Гормондардың ырғағын сақтау үшін сағат 23.00-ге дейін жатып, таңғы 7 немесе 8-де оянған дұрыс. Күніне кем дегенде 7-10 мың қадам жүрген дұрыс және шынығу процедурасын шектен асырмау керек, мысалы, аяғыңызды суық сумен жуу кезінде. Талшық пен дәруменге бай жеміс пен көкөністі көбірек жеңіз. Күнделікті тамақтан кофе мен алкогольді алып тастаған дұрыс. Алкогольді және кофеинді сусындар иммундық жүйені әлсіретіп, жүрекке қосымша салмақ түсіреді», - дейді дәрігер.



Ол стрестен аулақ болуға кеңес берді, себебі, стресс иммундық жүйеге кері әсер етуі мүмкін. Гигиена ережелерін сақтау, қолды жуу, инфекцияның алдын алу үшін дезинфекциялық құралдарды қолдану қажет. Сонымен қатар, дәрігер тұмауға қарсы вакцина алуды еске салды, себебі, ол аурудың алдын алуға және иммундық жүйені нығайтуға көмектеседі. Вакцинаны тұрғылықты жеріңіз бойынша емханада тегін алуға болады.


Әйгерім Исағалиева сондай-ақ профилактикалық дәрі-дәрмектерді де қабылдауға болатынын айтты.



«Қолданар алдында суық мезгілге дейін иммунитетті нығайту үшін қандай дәрумен мен минералды қабылдау керек екенін дәрігерден белгеніңіз жөн. Сондай-ақ әрине маусымға сәйкес киіну керек», - деп түйіндеді дәрігер.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#иммунитет #денсаулық #күз #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қуыршақ театры жаңа 91-маусымының шымылдығын түреді

Бүгін 19:11

Алматының Жетісу ауданының әкімі болып Құрасбек Сәдібеков тағайындалды

Бүгін 18:35

Батыс Қазақстан облысында 245 шақырым автожолды жөндеу жұмыстары аяқталды: облыс орталығына баратын уақыт екі еседен астам қысқарды

Бүгін 17:46

Сәлем – сөздің анасы: Қоғамдағы жаңа амандасу әдебі қандай болуы керек?

Бүгін 17:44

Сәлемдесу әдебін сақтаған жөн

Бүгін 17:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);