конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / "Тосын чемпион". Америкалық телеарна Шайдоровтың ж...

"Тосын чемпион". Америкалық телеарна Шайдоровтың жеңісін ерекше атап өтті

Спорт 24.02.2026, 10:06 306 Дина
"Тосын чемпион". Америкалық телеарна Шайдоровтың жеңісін ерекше атап өтті
фото: ашық дереккөз

Америкалық NBC Sports телеарнасы Италияда өткен Олимпиада ойындарының қорытындысын шығарып, турнирдегі ең күтпеген жеңістер мен ең үлкен көңіл қалдырған сәттерді атап өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Шолудың алғашқы бөлімі ерлер арасындағы жеке сырғанаудағы бәсекеге арналды. Бұл сында алтынға басты үміткер ретінде АҚШ өкілі Илья Малинин аталғанымен, нәтижесінде Олимпиада чемпионы атағы қазақстандық Михаил Шайдоровқа бұйырды.

NBC Sports мәліметінше, 21 жастағы Малинин 2021 жылдан бері ересектер деңгейінде өнер көрсете бастаған сәттен-ақ ерлер мәнерлеп сырғанауының көшбасшыларының біріне айналған. Ол тарихта алғаш болып төрттік аксель орындаған спортшы ретінде танылып, еркін бағдарламада әлемдік рекорд орнатқан. Командалық жарыстағы табысты өнер көрсетуі АҚШ құрамасының алтын алуына да әсер еткен. Ал жеке турнирде қысқа бағдарламадан кейін Малинин жапониялық Юма Кагиямадан бес ұпайға озып тұрған.

Алайда мақала авторларының пікірінше, аса жоғары күтім мен қысым америкалық спортшының өзіне кері әсер еткен.

Еркін бағдарламада «төрттік секірулердің құдайы» атанған Малинин бірқатар қателікке жол берді: жоспарланған элементтердің орнына бірлік аксель, қос луп және қос сальхов орындаған.

Осы тұста қысқа бағдарламадан кейін небәрі бесінші орынға жайғасқан қазақстандық Михаил Шайдоров мінсіз өнер көрсетті. Оның бағдарламасында бес төрттік секіру орындалып, тек бір ғана ұсақ қате байқалған.

"198,64 балл жинаған Шайдоров барлық болжамды жоққа шығарып, Қазақстанға қысқы Олимпиададағы екінші алтын медальді алып келді", деп жазады басылым.

NBC Sports Малининнің жеңілісін АҚШ құрамасы үшін ең ауыр сәттердің бірі ретінде бағаласа, Шайдоровтың жеңісін Олимпиаданың басты сенсацияларының қатарына қосты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дрон құрастыратын қыз: Құрлық әскерлері әскери институтының әскери қызметшісі болашақ технологияларын меңгеруде

Бүгін 16:38

Алматы әкімдігі Самал-3 шағынауданындағы саябақ құрылысына қатысты тұрғындардың өтінішіне пікір білдірді

Бүгін 16:35

Балалар телефонын тастап, бар уақытын демалысқа арнап жатыр

Бүгін 15:03

Аида Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтады

Бүгін 14:54

Алматыда Республика алаңында жаңа аялдама пайдалануға берілді

Бүгін 14:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);