Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Курьерлер мен таксистер әлеуметтік төлемдер аудару...

Курьерлер мен таксистер әлеуметтік төлемдер аударуға міндеттеледі

Әлеумет 29.03.2023, 14:51 1,276
Курьерлер мен таксистер әлеуметтік төлемдер аударуға міндеттеледі
Сурет: ашық дереккөз

Елімізде такси жүргізушілері мен курьерлер мемлекетке салық төлеуге міндеттеледі. Олар енді ресми түрде жұмыспен қамтылғандар қатарына жатқызылмақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгул Сағындықова мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  ҚазАқпарат-қа сілтеме жсап.



«Әлеуметтік кодекстің жаңашылдықтарының бірі - еңбек нарығын либерализациялау. Бұл икемді жұмыспен қамтылудың барлық түрлерін, соның ішінде платформалық жұмысты тануды білдіреді. Бұл өзгерістер негізінен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды әлеуметтік сын қатерлерден сақтандыру, ал тәуекел болған жағдайда әлеуметтік қолдауды қарастырады. Осы мақсатта бұл санаттағы азаматтарды «тәуелсіз жұмыскер» деген атау енгізілді - бұлар табыс әкелетін еңбек қызметімен айналысатын, бірақ тиісті уәкілетті органдарда ресми мемлекеттік тіркелмеген тұлғалар. Мұндай қызметкерлердің қызметі онлайн-платформалар офертасына қосқан немесе жария шарт жасалған жағдайда ресми жұмыспен қамту деп танылады. Мысалы, онлайн Яндекс платформасына қосылған таксистер, Glovo платформасындағы курьерлер осындай категориялардағы жұмыскерлерге жататын болады»,- деді спикер.



Айтуынша, онлайн платформаларда жұмыс істейтін азаматтар – такси жүргізушілері, жеткізушілер, курьерлер. Олар бүгінде әлеуметтік жағынан қорғалмаған.



«Яғни, әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда олар үшін әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналары төленбегендіктен, олар әлеуметтік қорғаудан шығып қалды. Әлеуметтік кодекс аясында біз бұл мәселеге үлкен көңіл бөлдік, енді бұл тұлғаларды әлеуметтік қорғау жүйесіне тарту жоспарлануда. Бүгін де Яндекс, Uber және Wolt компанияларымен келіссөздер жүргізілді, олар сол такси жүргізушілері мен курьерлер үшін міндетті әлеуметтік аударымдарды төлейтін болды. Яғни, онлайн платформалар өздері төлейді», - деп түсіндірді вице-министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#курьер #таксист #Әлеуметтік төлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда халықаралық шеберлік дәрісі аясында 14 ота жасалды

Бүгін 15:02

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі

Бүгін 13:45

"Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша, Жер астынан қарап жатам мен саған..."

Бүгін 13:07

Жер-Ана тағдыры – адамзат қолында

Бүгін 12:21

Алматыда биыл 51 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика