Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Күннің ыстығында ішек инфекциясына шалдыққандар кө...

Күннің ыстығында ішек инфекциясына шалдыққандар көбейген

Медицина 14.08.2024, 14:16 1,095
Күннің ыстығында ішек инфекциясына шалдыққандар көбейген
aqshamnews.kz

Ыстықтың беті қайтпай тұрғандықтан жүрек қан тамырлары аурулары асқынып, ішек инфекциясының өршуі жиі байқалады.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері жедел ішек инфекциясына шалдыққан 108  сырқат анықталған. Оның ішінде 73-і 14 жасқа дейінгі бала екен. 85 адам түрлі азық-түлік арқылы жұқтырған болса, 23 адам науқаспен қарым-қатынаста болған. 
Ұлттық госпитальдің инфекционист-дәрігері Жұлдыз Серікқызы ішек ауруларының таралуы үш фактордан тұратынын айтады. Маман-дәрігер ең алдымен тұтынатын тамақ, ішетін су және қолды дұрыс жумау дейді. 

«Тазалыққа мән беріп, қолды күніне бірнеше мәрте сабындап жуған дұрыс. Даладағы жедел тамақтану орындарынан тамақ ішкенде өте сақ болу керек. Дүкеннен алынатын азық-түлікке өте абай болып, тұтыну мерзімін тексерген жөн. Сүт, шұжық, консерві өнімдерін сақтықпен қолданған дұрыс. Жеміс-жидек пен көкөністерді пайдаланар алдында қайнатылған сумен, ас содасын қосып тазалап жуу керек. Балаларды қол жууға дағдыландырып, қалай жуу керектігін түсіндірген абзал», – дейді Ұлттық госпитальдің инфекционист-дәрігері Жұлдыз Серікқызы.  

Сондай-ақ дәрігер жаз маусымында қонаққа барғанда мойенез қосылған салаттар мен тіске басарларды жеуден бас тартуды ұсынады. Алдын-ала дайындалған тағамдарда улану жиі болатынын ескертеді. 
Ал жүрек-қан тамырлары аурулары күннің ыстығында бірден өсіп, жедел жәрдемге шақырулар жиі түседі. Мұндай сырқаты бар адамдар мүмкіндігінше ыстақта далаға шықпаған жөн дейді дәрігерлер.  
Ұлттық госпиталь дәрігері Әсемгүл Саятқызы тәжірибелі дәрігер ретінде науқас адамдарға ең алдымен сабыр сақтауға кеңес береді.  Қан қысымы көтерілген немесе жүрек сыр берген жағдайда учаскелік дәрігер белгілеген дәрілерді пайдаланып, сосын жедел жәрдемге жүгінуді ұсынады. 

«Егер далаға шығу керек болған жағдайда бас киім киіп, күннен барынша қорғану керек.  Күніне екі литрге дейін су ішкен жөн. Салқын душ қабылдап, жеңіл тамақтану қажет. Асқазанға, жалпы ағзаға күш түсіретін ауыр тағамдардан бас тартқан дұрыс.  Мұндайда көкөністер мен жемістердің пайдасы зор. Үнемі жоғары қан қысымымен жүретін науқастар бізде қауіп-қатер аймағындағы адамдар болып саналады, сондықтан оларды жиі бақылауда ұстаймыз», – дейді Әсемгүл Саятқызы. 

Салқын су ішіп, болмаса кондиционерді жиі қолданып суық тиіп жатқандар да бар.  Дәрігерлер аптап ыстықта суық тию өте қауіпті екенін айтады. Түрлі сусындар мен балмұздақты да өз орынымен, абайлап тұтынған дұрыс. Ең бастысы – денсаулықты сақтау әр адамның өзіне байланысты. Дәрігердің нұсқауын бұлжытпай орындаған кезде ғана жаздың аптап ыстық күндерін жеңіл өткізуге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тазалық #инфекция #Жұлдыз Серікқызы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Кеше 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Кеше 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Кеше 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Кеше 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Кеше 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика