Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Күніне екі рет көк шай ішсе, ағзада не өзгереді?

Күніне екі рет көк шай ішсе, ағзада не өзгереді?

Мұны білген жөн 08.09.2025, 10:33 749
Күніне екі рет көк шай ішсе, ағзада не өзгереді?
depositphotos.com

Ғалымдар көк шай көптеген аурудың қаупін төмендететінін бірнеше рет дәлелдеген.

Егер адам көк шай ішуді әдетке айналдырса, не болады? Eat This, Not That журналы күніне екі рет көк шай ішкен адамдармен сөйлесіп, бір аптадан кейінгі әсерлерін анықтаған.

Күш-қуат артады

Кардиолог Ли Маркус көп жұмыс істейді және әр күн стреске толы. Бұрын түстен кейін оның күш-қуаты кенет төмендеп, тіпті пациенттерді емдеуге де әсер ететін.

Маркус зейінін қалпына келтіру мақсатында көк шай іше бастаған. 

"Үш күннен кейін мен күрделі жүрек катетеризациясы кезінде зейінімнің жақсарғанын байқадым", – дейді дәрігер.

Түстен кейінгі бір шыны көк шайдан кейін ол сағат 16:00–18:00 аралығында күш пайда болатынын сезінді, ал одан кейін де шаршағаны басылған. 

Психотерапевт Эринн Эверхарт та көк шай ішудің жұмыста көмектескенін байқаған.

"Әдетте мен кофе ішемін, бірақ көк шай миға қажетті энергияны береді және күннің екінші жартысында шаршамаймын", – дейді Эрин.

Ұйқы сапасы жақсарады

Доктор Маркус көк шайдың арқасында түнде жақсы ұйықтай бастады.

Бұл дәрігерді таңғалдырды, себебі шайда кофеин бар. Дегенмен, бұл әдет оған тез ұйықтап, сергек оянып, тіпті ауыр жұмыс кестесінде де демалуға мүмкіндік берді.

Ас қорыту тұрақтанады

Шайдағы антиоксиданттар ас қорытуға көмектеседі. Бұл ментал денсаулыққа да әсер етеді.

Ол науқастарына ішекке көңіл бөлуге және тамақтану әдеттерін қайта қарауға кеңес беретін. 

Қабыну деңгейі төмендейді

Көк шайдағы антиоксиданттар қабынуды азайтуға көмектеседі. Бұл әсерді бірден сезбеуіңіз мүмкін, бірақ талдауларда көрінеді.

"Алты айдан кейін көк шайды тұрақты ішуімнің арқасында зертханалық талдауымда С-реактивті ақуыз деңгейі 15%-ға төмендеді", – дейді Маркус.

Кардиолог ретінде ол біледі: С-реактивті ақуыз қабынуды және жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін көрсетеді.

Эмоциялар тынышталады

Көк шай тынышталуға көмектеседі. Эверхарт бұл сусынның эмоциялық стресс жағдайында көмектескенін мойындайды.

Дәрігер Маркус та шайдың стресс деңгейін төмендеткенін атап өтті. Оның жұмысы жауапкершілігі үлкен болса да, сусын күрделі операция кезінде стресті азайтуға көмектесті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көк шай #пайда #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстанның қаржы секторы алдағы референдумды қолдады

Бүгін 18:25

Тұңғышбай Жаманқұлов жастарды кітап оқуға, уақытты қадірлеуге шақырды

Бүгін 18:16

Алматы 2-ЖЭО-ын жаңғырту атмосфераға тарайтын зиянды шығарындыларды айтарлықтай азайтуға бағытталған

Бүгін 17:49

Арнайы операция: есірткі саудасына қатысы бар күдікті ұсталды

Бүгін 17:14

Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика