Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Күйеуін арашалаймын деп адам өліміне себеп болған...

Күйеуін арашалаймын деп адам өліміне себеп болған әйел сот залынан босатылды

Заң мен тəртіп Бүгін 14:05 31
Күйеуін арашалаймын деп адам өліміне себеп болған әйел сот залынан босатылды
depositphotos.com

Қазақстанның Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты Абай облысында 6 жылға сотталған әйелдің ісін қайта қарап, жаза мерзімінің өтелуіне байланысты оны сот залынан босатты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сот мәліметінше, оқиға 2024 жылдың шілде айында болған. Екі ер адам жанжалдасып жатқан сәтте, олардың бірі әйелдің күйеуін тұншықтырған. Күйеуін құтқаруға тырысқан әйел қолына ағаштың сынығын алып, шабуыл жасаған ер адамды мойын тұсынан бір рет ұрған. Салдарынан ол алған жарақатынан көз жұмған.

Алғашқы сот инстанциясы әйелді Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырған. Сондай-ақ оны марқұмның туыстарына 3 млн теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеген. Бұл шешімді облыстық сот та өзгеріссіз қалдырған.

Алайда кассациялық сот әйелдің әрекеті күйеуін қорғау мақсатында жасалғанын ескерді. Сонымен бірге сот оның қорғану шегінен асып кеткенін де атап өтті. Істі қайта саралау кезінде әйелдің жасаған ісіне өкініш білдіруі, кәмелетке толмаған баласының болуы, III топтағы мүгедектігі және оқиғаға жәбірленушінің өз құқыққа қайшы әрекеті себеп болғаны назарға алынған.

Нәтижесінде сот әйелдің әрекетін Қылмыстық кодекстің 112-бабы 2-бөлігіне қайта саралап, оған 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл мерзім кассациялық қарау сәтіне дейін толық өтелгендіктен, әйел сот залынан босатылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сот #өлім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы 2026 жылдың басты оқиғалары: концерттер, фестивальдер және әлемдік деңгейдегі шоулар

Бүгін 15:23

«WorldSkills Kazakhstan–2026» болашақ чемпиондары республикалық кезеңге дайындалып жатыр

Бүгін 15:01

Бастамашыл топ «Әділет» атты жаңа саяси партияның құрылатынын мәлімдеді

Бүгін 14:53

Алматыдағы мейрамхана жеті ел арасындағы үздік 10 орынның қатарына енді

Бүгін 14:45

Қамшыбек Тәшиев Қырғыз футбол одағы президенті қызметінен де кетті

Бүгін 14:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика