AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Көз жасын тыю денсаулық үшін қауіпті – психиатр

Көз жасын тыю денсаулық үшін қауіпті – психиатр

Керек кеңес 03.09.2025, 11:45 583 dulatbekova
Көз жасын тыю денсаулық үшін қауіпті – психиатр
Сурет: freepik.com

Шетелдік психиатр Яго Фернандестің айтуынша, көз жасын тыю мен эмоцияларды жасыру денсаулыққа едәуір зиян тигізуі мүмкін.

Ол Metropoles басылымына берген сұхбатында бұл әдет иммунитетті төмендетіп, адамды түрлі психологиялық және физикалық сырқаттарға бейім ететінін айтты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Фернандестің сөзінше, эмоцияларды тежеу олардың жоғалуына әкелмейді. Керісінше, іште сақталған сезімдер ағзаның стрестік жүйесін белсендіріп, оны үнемі жоғары «дайындық» күйінде ұстайды. Бұл өз кезегінде мазасыздық, күйзеліс, ұйқысыздық сияқты психологиялық қиындықтарға алып келуі мүмкін.

Сонымен қатар, эмоцияны сыртқа шығармау салдарынан ағзада түрлі физикалық реакциялар пайда болады:

  • созылмалы ауырсынулар,
  • әлсіздік пен тез шаршау,
  • иммунитеттің төмендеуі.

Маманның айтуынша, жылағаннан кейін ағзада парасимпатикалық жүйке жүйесі іске қосылады. Ол қан қысымын төмендетіп, жүрек соғысын баяулатады, сондай-ақ, стресс салдарын бейтараптандырады.

«Эмоцияларды тежеудің орнына оларға ерік беру әлдеқайда пайдалы. Бұл – психикалық та, физикалық та саулықты сақтау үшін маңызды», – дейді Фернандес.

Эмоцияны сауатты шығарудың қарапайым тәсілдері:

  • Психологтар эмоцияны іште ұстамай, оны қауіпсіз жолмен шығаруды ұсынады.
  • Жылауға мүмкіндік беріңіз. Бұл – табиғи реакция, ол ағзаны жеңілдетеді.
  • Әңгімелесіңіз. Жақындарыңызбен ой бөлісу эмоцияны жеңілдетуге көмектеседі.
  • Жазып көріңіз. Күнделік жүргізу ішкі сезімдерді қағазға түсіруге жақсы әдіс.
  • Қозғалыс жасаңыз. Жаяу жүру, спорт немесе тыныс жаттығулары стресті азайтады.
  • Шығармашылыққа бет бұрыңыз. Сурет салу, музыка тыңдау немесе басқа хоббилер эмоцияны сыртқа шығарудың тиімді жолы.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#көз жасы #эмоцияны тежеу #зияны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);