Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Көз ілмейтін Алматы: "шамы мүлде өшпейтін" кітапха...

Көз ілмейтін Алматы: "шамы мүлде өшпейтін" кітапханадан фоторепортаж

Барлығы 16.01.2026, 09:37 284
Көз ілмейтін Алматы: "шамы мүлде өшпейтін" кітапханадан фоторепортаж
Нұрбол Ынтымақұлы

Түнгі сағат 01:00. Алматыдағы Алатау ауданын мүлгіген тыныштық басқан. Нұркент ықшамауданында ғана бір жазу көзге оттай басылады: "24/7". Есігі жабылмайтын, шамы өшпейтін, түн ортасында да адам аяғы үзілмейтін орын бар. Бұл - Алатау креатив хаб кітапханасы. Қала ұйқыға кеткенде, мұнда біреулер емтиханға дайындалады, біреулер жобасын аяқтайды, енді біреулер кітап "кеміреді". Аqshamnews.kz тілшілері тіршілігі тоқтамайтын кеңістіктен арнайы фоторепортаж әзірлеп қайтты.

"Шамы мүлде өшпейтін" кітапхананың тарихы қандай?

Алатау креатив хаб кітапханасы 2021 жылы ашылған. Бірақ оның Алматыдағы ерекше мәртебесі кейін қалыптасты: 2023 жылдан бастап кітапхана тәулік бойы, 24/7 режимге көшіп, "шамы мүлде өшпейтін" кеңістікке айналды.

Алатау креатив хабтың жетекшісі Сәуле Бабамұратова мұндай өзгерістің мақсатын айтты. 

"Қала тұрғындарына барынша қолайлы жағдай жасау, әсіресе түнде жұмыс істейтіндерге, дайындыққа мұқтаж жастарға мүмкіндік беру"

Мұнда кітап оқып, жұмыс істеймін дегендерге бар жағдай жасалған: кітапханаға кіру де, Wi-Fi да тегін. 

Кіреберістен бізді - күзет пен сырт киімді қабылдайтын қызметкерлер қарсы алды. Түн ауаған. Бірақ олардың көзінде ұйқы жоқ, қимылы ширақ. Бұл жердің тәртібі де, тынысы да үзілмейтінін бірден ұқтық.

Тіркеу орнында қызметкер бірнеше оқырманға қызық-қызық деген кітаптарды ұсынып жатқанын құлағымыз шалып қалды. Оның есімі - Раушан. Оның айтуынша, 

Кітапхана басшысы Сәуле Жасұрқызының айтуынша, бүгінде кітапханаға тәулігіне 300–400 адам келеді. Ал түнде орташа есеппен 60–70 оқырман болады.

Алайда қалада емтихан, сессия, ҰБТ басталса, кітапхананың да тынысы өзгереді. Мұндай күндері келушілер саны тәулігіне 500 адамға дейін артады, ал түнгі ағын 100-ге жетеді.

"Көңіл сыйса, бәрі сыяды. Бірақ 500 адам бір мезетте келмейді ғой, біреу кетіп, біреуі келеді. Бәріне орын табуға тырысамыз. Сондықтан ешкім қысылмайды"

Түнде кітапханада көбіне "ертеңге үлгеру" керек деген адамдар отырады. Мысалы, Мәулен - архитектор. Ол кітапханаға түсте келген. Біз онымен түнгі 1-де сұхбаттастық. Ол мұнда күнде келетінін, жұмыс істеуге өте ыңғайлы екенін жасырмайды.

"Күндіз адам көп болып кеткенде кейде тоқ жетіспей қалады. Әйтпесе, бәрі ұнайды. Бәрі бар, бәрі тегін", - дейді ол. 

Тағы бір оқырман - режиссер. Ол кешкі 8-ден бері кітапханада, себебі күндіз адам көп, ал кешке тыныш. Ол кітапханаға жақын тұрады. Мұнда көбіне шабыт алуға келеді. 

Бір қызығы, кітапханаға жергілікті тұрғындар ғана емес, шетелдіктер де келеді. Көбі - Үндістан азаматтары, одан бөлек еуропалықтар да жиі бас сұғады. 

Сәуле Бабамұратова

Бұл жер "өзінен-өзі" жұмыс істемейді: кітапханада 21 қызметкер еңбек етеді, ал түнгі ауысымда 4 адам қалады.

"Түнгі қызметкерлер 2/2 жұмыс кестесі бойынша істейді. Олардың еңбекақысы екі еселенеді. Тағы бір тәртіп бар: түнгі төрт қызметкер ай сайын ауысып отырады, ал түнде істемеген кезде күндізгі ауысымға шығады", - дейді ол Сәуле ханым. 

Кітапхананың екінші қабаты - мұнда арнайы дәріс залдары, абонемент залы, конференция залы бар - кешкі 20:00-ден кейін жабылады. 

Абонемент залына барып үлгермей қалғандарға да жағдай жасалған. Бұл жерде қала бойынша 500 кітаппен жабдықталған ең үлкен аппарат бар. Яғни, қалаған кітаптыкез келген адам ешкімнің көмегінсіз ала алады.

Кітапханада түнде де барлық компьютер жұмыс істеп тұрады. Оны тексеріп көрдік. Әр құрылғыға интернет те қосылған. 

Кітапхананың тағы қандай ерекшеліктері бар?

Сәуле Жасұрқызының айтуынша, кітапханаға келуші қария мен оқушылардың үлесі әлдеқайда артқан. Олар көбіне кітап жинағы кабинетінде отырады. Екінші қабатта терраса да бар: жазда самал жел есіп тұрған кезде кітап оқуға таптырмас орын.

Ал кешкі 8-ге дейін кофехана қызмет көрсетеді. Бұл жер "кітап қоймасы" емес, оқу мен жұмысқа ыңғайланған кеңістік ретінде ойластырылған.

Келесі күні таңертең атмосфераны көру үшін сағат 10-да қайта келдік. Іші адамға толы. Екінші қабатта балаларымен кітап оқып отырған ана, абонементте кітап ақтарып отырған зейнеткер әже - бәрі өз әлемінде отыр.

Кітапхананың тағы бір ерекшелігі - мұнда балаларды кітап оқуға ынталандыру жұмысы жақсы жүріп жатыр. Мысалы, кітап оқып, мазмұнын кітапханашыларға айтып берген балаларға PlayStation ойнауға рұқсат беріледі. Бұл - "оқу міндет" деген ұғымды "оқу - қызық" деген сезімге ауыстыратын әдіс.

Бұдан бөлек, мұнда тұрғындарға арналған 20-дан аса үйірмелер өтеді. Мұнда тіл үйрену курстары, робототехника, режиссура, IT бағытындағы сабақтар тегін ұсынылады.

Сәуле Бабамұратова кітапханада түнде ірі іс-шаралар көп өтпейтінін айтты. Дегенмен кешкі 8-де киноклуб жобасы ұйымдастырылады: алдын ала афиша жарияланып, "Режиссер курсының" аясында кино талқыланады немесе фильм көрсетіледі. Болашақта "Түнгі кітапхана" форматындағы шаралар өткізуге де болады деген жоспар бар.

Айта кетейік, жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген көлемді сұхбатында қала әкімі Дархан Сатыбалдыға Алматыны Нью-Йорк, Мәскеу, Париж сияқты "ешқашан көз ілмейтін қалаға" айналдыруға тапсырма бергенін айтқан еді. 

Көп адам мұны дәмхана немесе ойын-сауықпен ғана байланыстыруы мүмкін. Бірақ ұйықтамайтын қала - ең алдымен мүмкіндік қаласы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұйықтамайтын Алматы #кітапхана #24/7 #тәулік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі