AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда жүргізушілер LEZ аймағына кірген кезде пи...

Алматыда жүргізушілер LEZ аймағына кірген кезде пилоттық режимде push-хабарлама ала бастайды

Алматы 02.06.2026, 16:59 287 yakiya
Алматыда жүргізушілер LEZ аймағына кірген кезде пилоттық режимде push-хабарлама ала бастайды

Алматыда жүргізушілер LEZ аймағына кірген кезде пилоттық режимде push-хабарлама ала бастайды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда «Алматы тұрақтары» мобильді қосымшасында тіркелген жүргізушілер Төмен шығарындылар аймағына (LEZ) кірген сәтте push-хабарлама ала бастайды. Жаңа хабарландыру жүйесі биыл 28 сәуірден бастап іске қосылған көлік легін цифрлық есепке алу инфрақұрылымын енгізуге бағытталған техникалық пилоттық жобаның бір бөлігі болып табылады. Бұл туралы ШЖҚ «Алматы паркинг» КМК өкілдері хабарлады.

Хабарламалар аймаққа кіргені жүйе арқылы тіркелген көлік иелеріне жіберіледі. Хабарлама мәтінінде пилоттық режимде жұмыс істейтін Төмен шығарындылар аймағына кірген күні, www.almaty-parking.kz сайтының сілтемесі және +7 (727) 390 8000 байланыс нөмірі көрсетіледі.

Пилоттық жоба Бөгенбай батыр көшесінің оңтүстігі, Абай даңғылының солтүстігі, Желтоқсан көшесінің шығысы және Достық даңғылының батысы аралығындағы аумақта жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде жүргізушілер үшін қозғалысқа ешқандай шектеу, айыппұл немесе жол жүру ақысы қарастырылмаған. Пилоттық жобаның негізгі мақсаты – технологиялық платформаның жұмысын сынақтан өткізу және қала инфрақұрылымының дайындық деңгейін бағалау.

Пилоттық кезеңнің басты міндеті – арнайы бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу үдерісін бақылау. Оның ішінде көліктерді кешенді есепке алу жүйесі мен LEZ аймағына кіретін көлік легін талдау модулі қамтылады.

Техникалық пилоттық кезең биыл 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде аталған аумақтағы қозғалыс бұрынғы қалыпты режимде жүзеге асырыла береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Автотұрақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алаяқтардың басты қаруы – адамның сенімі»: интернеттегі қауіптен қалай қорғанамыз?

Кеше 17:19

10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары

Кеше 17:10

Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 16:14

Интернеттегі алаяқтық: бір сілтеме бүкіл ақшаңыздан айыруы мүмкін

Кеше 15:18

«Таза Қазақстан» түркі әлемінің жастарын біріктіреді: Алматыда халықаралық кемпингтің екінші күні өтті

Кеше 14:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);