ffin.kz

Ковидтік әлемнің ахуалы қандай?

Ковидтік әлемнің ахуалы қандай? Сурет: Retailers.ua.

Қазақстанның эпидахуалы нашар. Елдің бір облысы «сары» белдеуде, қалған өңірдің барлығы «қызыл» аймақта орналасқан. Соған қарамастан, білім сапасына алаңдаушылық танытқан Үкімет вакцина қарқынын арттырып, оқушыларды дәстүрлі форматта оқытуға шешім қабылдады. 


Дүние жүзінің басқа мемлекеттеріндегі ковидтік ахуал қандай деңгейде екеніне Almaty-akshamy.kz тілшісі ғаламтор материалдары арқылы шолу жасайды.


«Хабар 24» сайтының хабарлауынша, Бейжіңде оқу жылы қыркүйектің бірінде басталады. Бірақ балалар мен ұстаздарға топқа жиналуға, бұқаралық шараларға қатысуға және COVID-19 дерті анықталған аудандарға баруға тыйым салынды. Қазір елдегі 227 ауданда локдаун тәртібі енгізілген. Қытайдан тыс жүрген мұғалімдер, студенттер және бала бақша қызметкерлері Бейжіңге оралып, 14 күн бақылауда болғаннан кейін мектепке бара алады. Қолдарында мерзімі екі күннен аспайтын ПТР-тест қорытындысы болуы керек.


«Кабардың» мәліметінше, Қырғызстанның білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылы 15 қыркүйектен басталады. Қырғызстан министрлер кабинетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқу жылының басталуын 15 күнге ауыстыру туралы шешім елдегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, дәстүрлі оқыту нысанына кезең-кезеңімен көшу мақсатында қабылданды. Өз кезегінде, Қырғызстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқу процесін дәстүрлі форматта қайта бастау кезінде қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері, осындай форматтың артықшылықтары мен қауіп-қатерлері және басқа да факторлар назарға алынуы тиіс екенін атап өтті. 


COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың ақпаратына сәйкес, Израиль үкіметі COVID-19 эпидемиологиялық жағдайына байланысты жаңа шектеулерге рұқсат берді. 18 тамыздан бастап экономиканың барлық секторларына таралатын «жасыл стандарт» режимі енгізіледі. Бұл бұқаралық іс-шараларға кірер кезде вакцинация жасалғаны немесе COVID-19 вирусынан айыққандығы туралы сертификат- «жасыл төлқұжатты» не болмаса вирустың жоқ екендігін дәлелдейтін тест нәтижесін көрсету қажеттігін қамтиды.  


Аргентинада коронавирустық инфекция бойынша аурушаңдық көрсеткіші артты. Елде тәулігіне 11 397 вирус жұқтыру жағдайлары тіркелді. Нәтижесінде КВИ фактілерінің жалпы саны 5 052 884-ке жетті. Көз жұму деректері - 108 388. Халықты вакциналау үшін ресейлік вакцинамен қатар вирусқа қарсы екпенің тағы бірнеше түрі қолданылады. Аргентинада азаматтар  «Спутник V» және  «AstraZeneca» немесе «Moderna» вакциналарын біріктіріп, қолдана алады.


Швецияда анықталған коронавирустық инфекциялар саны 1 108 057-ні құрады. Бір тәулік ішінде COVID-19 жұқтырудың 1 236 жағдайы анықталды. Инфекцияның ауыр түрімен ауыратын 29 пациент реанимация бөлімшелерінде ем қабылдауда. Жалпы алғанда, SARS-CoV-2-ден 14 658 адам қайтыс болды. Бұл ретте, елімізде иммундау қарқынды жүріп жатыр, COVID-19 вакцинасының бірінші дозасын 6 584 455 адам, екіншісін — 4 641 169 адам алды. 


Мемлекеттік қызметшілер халыққа вакцина алуды насихаттаудың үлгісі ретінде. Кения вакциналаудан жалтарған шенеуніктерді жазалауға ниетті. Ресми Найроби барлық мемлекеттік қызметшілерге COVID-19 вакцинациясынан өтуді тапсырды. Бас тартқан үкіметтегі антиваксерлер бұл талапты орындамағаны үшін сөгіс алады. «Барлық мемлекеттік қызметшілерге вакциналануға басымдық беріледі. Ал 23 тамызға дейін екпе алуға үлгермегендерге тәртіптік шаралар қолданылатын болады», — деп мәлімдеді Мемлекеттік қызмет басшысы Джозеф Киньюа.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32