Көші-қон 2,1%-ға қысқарды

Көші-қон 2,1%-ға қысқарды Сурет: Іnbusiness.kz

Биыл қаңтар-мамыр айларында ел ішіндегі көші-қон 2,1%-ға азайды.


Көші-қонның оң өзгерісі Алматы (14 481 адам), Нұр-Сұлтан (12 783 адам) және Шымкентте (1 773 адам) байқалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.


Қаңтардан мамырға дейін елге 6 227 адам келіп, 9 034 адам кеткен. Көші-қон сальдосы - минус 2 807 адам. Негізінен ТМД мемлекеттерінен келеді, кету үшін де осы мемлекеттерді таңдайды.


Халық саны


1 маусымдағы деректер бойынша, ел халқының саны 19 миллион 222,6 мың адамға жетті. Қалаларда 11 миллион 460,5 мың қазақстандық тұрады. Бұл халықтың 59,6%-і. Ауылдық жерлерде 7 миллион 762,1 мың адам (40,4%) бар. Бір жыл ішінде халық саны 237,8 мыңға артты.


Қаңтар-мамырда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда төмендеп, 103,3 мың адам болды. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 12,94 адамды құрады.


2022 жылғы қаңтар-мамырда 161,5 мың сәби туды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,8%-ке аз. 58,5 мың адам қайтыс болды. Былтырғы қаңтар-мамырдан 8,2%-ке аз (63,7 мың адам).


Осы жылдың қаңтар-мамыр айларында республикада бір жасқа дейінгі 1 384 сәби көз жұмды, Өткен жылы бұл көрсеткіш 2,7%-ке көп болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:48

15:14

14:47

14:05

12:14

11:48

11:17

10:55

10:13

09:41

09:05

20:41

18:46

18:21

17:50

17:35

17:25

17:20

17:10

17:01

16:34

16:30

16:15

16:05

15:51