AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Коронавирусқа қарсы вакцина жүктілікке әсер ете ме...

Коронавирусқа қарсы вакцина жүктілікке әсер ете ме?

Әлеумет 16.09.2021, 10:32 1,271
Коронавирусқа қарсы вакцина жүктілікке әсер ете ме?
almaty-akshamy.kz

Алматы қалалық перинаталдық орталығының гинекологы Әсел Омарқұлова онлайн брифингте вакцинаның бірінші компонентін алған және жүктілік туралы кейін білген әйелдерді еш алаңдамауға шақырды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Егер әйел вакцинаның бірінші дозасын алып, жүкті екенін білсе, мұнда қорқатын ештеңе жоқ. Ол екінші дозаны алу үшін медициналық көмекке жүгінеді. Жүкті әйелдерді вакциналау мәселесі бүгінде әлемде талқыланып, қарастырылып жатыр. Жүктіліктің алғашқы үш айында егжей-тегжейлі скринингтік зерттеуден, УДЗ-ді 11-13 апта аралығында өту керек», - деді Әсел Омарқұлова.



Ол медицинада ана мен ұрықтың өмірін сақтап қалу үшін жүктілік кезінде вакцина алудың көптеген мысалы бар екенін тілге тиек етті. Себебі жүкті әйелдерде де коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі бар.



«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы вакцина алуды ұсынады. Вакцина ұрыққа ене алмайды және оған вирус жұқпайды, ана сүті де вирустан таза болады», - деді дәрігер.



Оның айтуынша, жақын арада жүктілікті жоспарлап отырған әйелдерге КВИ-ге қарсы вакцина алу қажет. Сонымен қатар, жүктілікті вакцинаның екінші компонентін алғаннан кейін бір айдан кейін жоспарлаған жөн.



«Вакциналау жүктілікке немесе репродуктивті жүйеге ешқандай әсер етпейді. Біздің елде жүкті және бала емізетін әйелдерге екпе салу туралы әлі айтылған жоқ. Дәрігерлер препаратты әзірлеушілер жүргізген клиникалық зерттеулердің ресми нәтижелерін күтуде. Ұсынымдар түскен бойда ешкім вакцинаны дереу қолданбайды. Бәрі қауіпсіз жағдайда әрі өз ретімен жасалатын болады», - деді Әсел Омарқұлова.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#ковид #жүктілік #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды жоғары оқу орындары ректорларымен және ғылыми институт жетекшілерімен кездесті

Бүгін 01:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді

Бүгін 22:45

Қазақстан-Германия бизнес форумында маңызды келісімдер жасалды

Бүгін 22:30

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 21:15

Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президентінің Бірлескен Декларациясы

Бүгін 21:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);