Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Контрафактілік өнімнің жолы кесілді

Контрафактілік өнімнің жолы кесілді

Заң мен тəртіп 03.06.2024, 10:33 743
Контрафактілік өнімнің жолы кесілді
Өңірлік коммуникациялар қызметі

2024 жылғы 31 мамыр мен 1 маусым аралығында Алматы қаласы Әділет департаменті белгілі кондиционер өндірушінің тауар белгісін заңсыз пайдалана отырып, контрафактілік өнімнің жолын кесу бойынша ауқымды рейд жүргізді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
 
15 сағатқа созылған арнайы операция зардап шеккен брендтің өтінішіне жауап ретінде ұйымдастырылды және тексеруді тағайындау туралы акт негізінде жүзеге асырылды.

Әділет департаменті қызметкерлерінің үйлестірілген іс-қимылдарының нәтижесінде 5 253 000 теңгені құрайтын контрафактілік өнім тәркіленді. Тәркіленген өнімнің сапасы үлкен күмән тудырады және оның шығу тегі белгісіз болып қалады. Осы факт бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 158-бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Арнайы операция барысында Әділет департаментінің қызметкерлері тексерілетін субьектінің тарапынан қарсылық пен кедергіге тап болғанын атап өткен жөн. Қарсылық көрсеткен үш адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 462-бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

Қазіргі уақытта істің барлық материалдары сотқа берілді және кінәлілерді жауапқа тарту үшін барлық қажетті іс жүргізу әрекеттері қабылдануда.
 
Алматы қаласының Әділет департаменті тауар белгілерінің заңды иелерінің құқықтарын қорғай отырып және заңнаманың сақталуын қамтамасыз ете отырып, зияткерлік меншік саласындағы бұзушылықтармен батыл күресуді жалғастыруда.
 
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметіне хабарласыңыз +7 777 252 23 23 Бекботаев Алмас Нұржанұлы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әділет департаменті #арнайы операция #контрафакт өнім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Махаббат - мәңгі ертегі": әуен мен сезім үндескен кеш

Бүгін 22:32

Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі халықаралық IB бакалавриатын енгізіп жатыр

Бүгін 21:43

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика