Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Концерт, цирк, театр мен халықаралық фестивальдер:...

Концерт, цирк, театр мен халықаралық фестивальдер: 2026 жылы Алматыда қандай мәдени шаралар өтеді?

Барлығы 28.01.2026, 12:00 259
Концерт, цирк, театр мен халықаралық фестивальдер: 2026 жылы Алматыда қандай мәдени шаралар өтеді?
ӨКҚ

2026 жылы Алматы қаласы мәдениет пен өнердің алдыңғы қатарындағы халықаралық және республикалық деңгейдегі ірі іс-шараларға куә болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Алиев хабарлады.

"Алматы қаласы еліміздің мәдени астанасы ретінде мәдени-бұқаралық іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға ерекше мән береді. Біз қала тұрғындары мен қонақтарына өнердің барлық бағыттарын қамтитын, заманауи әрі мазмұнды мәдени бағдарламалар ұсынамыз. 2026 жылы алматылықтарды жарқын әрі есте қаларлық мәдени оқиғалар күтіп тұр", – деді басқарма басшысы.

Театрлық қойылымдар:

"Алатау" дәстүрлі өнер театры "Таза Қазақстан" экологиялық акциясын қолдау мақсатында "Таза жүрек" спектаклінің премьерасын көрермен назарына ұсынбақ. Ал Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры аталған бастама аясында "Тазалық сақшылары" қойылымын сахналауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, "Алатау" дәстүрлі өнер театры өзінің 10 жылдық мерейтойына орай бірқатар жаңа қойылым әзірлеуде. Атап айтқанда, Бақыт Беделханның шығармашылығына арналған "Бақытпен уақыт" мюзиклі, Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған музыкалық-театрландырылған "Жыр алыбы – Жамбыл" қойылымы, сондай-ақ Мұхтар Мағауиннің шығармасы негізінде қойылатын "Жарығым" музыкалық драмасы көрерменге жол тартпақ.

Театр 2026 жылы "Mamluk. Сұлтан Бейбарыс" қойылымымен халықаралық және республикалық гастрольдік сапар ұйымдастырып, Египет елінде, сондай-ақ Атырау мен Астана қалаларында өнер көрсетуді жоспарлап отыр.

Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры 2026 жылы "Алты жасар Алпамыс", "Жақсылық пен Жамандық", "Оскар және Раушан ханым", "Алматы – ең алғашқы махаббатым", "Қар ханшайымы" атты жаңа спектакльдерін көрермен назарына ұсынбақ.

Одан бөлек, "Жаңа ғасыр" театры да репертуарын жаңа премьералармен толықтырады. Атап айтқанда, "Теңіздегі төртеу" трагифарсы, балаларға арналған "Аладдин" ертегісі және "Жәмила" музыкалық драмасы сахналанады.

Концерттік бағдарламалар:

КСРО халық әртісі, қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына орай Алматы әуендері мекемесінің барлық шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерейтойлық концерт өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, Республика сарайының 55 жылдық мерейтойына байланысты жеке орындаушылардың гастрольдік сапары ұйымдастырылып, жоба Қазақстан Республикасының бірқатар өңірлерін қамтымақ.

Цирк бағдарламалары:

Ақпан айында Қазақ Мемлекеттік циркінде Италиялық дуэт Флавио мен Бруно Тонидің "BELISSIMO" шоу бағдарламасы алғаш рет өтеді. Бағдарламада Бруно Тонидің аты аңызға айналған үйретілген қызғылт және ақ жолбарыстары, акробаттар, әуедегі импасато және арқанмен жүретін өнерпаздар, шебер жонглерлер, Латын Америкасынан келген көңілді сайқымазақтар болады.

Ал наурыз-сәуір айларында Наурызбай және Жетісу аудандарында Шапито жылжымалы циркі ұйымдастырылады. 

Халықаралық фестивальдер:

2026 жылы Алматыда "Almaty Circus Festival", "Almaty Puppet Festival", "Ұлы дала – көшпенділер әлемі" этнофестивалі, "Ашық аспан астындағы цирк", "Ғасырлар сазы", "Алматы суретшілер көзімен", Almaty Film Festival, сондай-ақ "Әнші балапан" жобасының заманауи форматтағы нұсқасы өткізіледі.

2026 жылы ұйымдастырылатын IV Халықаралық "Almaty Puppet Festival" қуыршақ театрлары фестивалі әлемнің үздік театр ұжымдарының басын қосады. Фестиваль отандық және шетелдік өнер ұжымдары арасындағы шығармашылық байланысты нығайтып, кәсіби тәжірибе алмасуға, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге арналған театр өнерін кеңінен насихаттауға бағытталады.

Қорытындылай келе, 2026 жылы Алматы қаласы музыка, театр, би, көркемөнер және әдебиет саласындағы ірі халықаралық фестивальдер мен байқаулар өтетін мәдени орталық ретінде өз мәртебесін айқындай түседі. Жоспарланған іс-шаралар қаланың мәдени әлеуетін арттырып қана қоймай, тұрғындар мен қонақтарға жоғары деңгейдегі рухани демалыс пен ұмытылмас әсер сыйлайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мәдени шаралар #Концерт #Цирк #театр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бүгін 02:19

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика