Алматыда жастар жұмысқа орналасып, өзін-өзі дамытып, бос уақытын тиімді өткізетіндей етіп дамытып жатыр инфрақұрылымды. Студенттік жатақханалармен бірге, енді жас жеткіншектерге арналған Комьюнити-орталықтарды салуға да көңіл бөле бастады. Жақында өткен бақылаудың қорытындысына қарағанда, бұлар жастарды нақты қолдайтын алаңға айналыпты. Өңірлік коммуникациялар қызметінде қоғамдық кеңес мүшесі әрі бақылау тобының жетекшісі Рустам Қайрыев осылай деп айтты.
2025 жылдың 20 маусымынан 5 шілдесіне дейін Қоғамдық кеңестің №5 комиссиясы қоғамдық даму, мәдениет, спорт, дін мен жастар саласында мониторинг жүргізді. Тексеруге кеңес мүшелері мен жастар ұйымының өкілдері қатысып, олар барлық аудандағы 9 орталыққа барып, жұмыстың тиімділігін бағалау үшін зерттеу жүргізіп қайтқан болатын. Бұл орталықтардың мақсаты - жастардың жұмысқа орналасып, дамуына жағдай жасап, инфрақұрылымды барынша қолжетімді ете түсу.
Қалалық жастар саясаты басқармасы қолдау көрсететін Комьюнити-орталықтар - жастардың қызмет барысында өсіп-өнуін қолдап, оларды оқытып, психологиялық көмек беріп, шығармашылық жағынан шыңдайтын ашық кеңістікке айналды. Әр орталық күн сайын 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істеп, жастарды тегін курстарға тартып, кәсіби кеңес беріп, оларға тренингтер, клубтар, коворкингтер мен медиа аймақтар ұсынады. Орталықтар Wi-Fi-мен, принтерлермен, дыбыс жазу студияларымен, асүймен толық жабдықталған. Бұл олардың жұмыс істеп, демалуына да ыңғайлы.
Жыл басынан бері орталықтар 375 000-нан астам жас тұрғынды қамтыған. Дәріс, тренинг, турнир, экологиялық акция мен шығармашылық кештер сияқты 1500-ден астам іс-шара өткізді. «Activity Boom» белсенділік картасы бойынша 972 адам тіркелген. Жастар мұнда балл жинап, оны сыйлыққа айырбастай алады. Орталықтар Jasalmaty.kz, JobFair365 және SkillBridge сияқты цифрлық платформаларға қосылған. Бұл жастардың әртүрі іс- шараға қатысып, жұмыс іздеп, онлайн оқуына да мүмкіндік бермек.
«NEET категориясындағы жастарға, яғни жұмыс істемейтін және оқымайтын жастарға ерекше назар аударылды. Тіркелген 27 000 жастың 2307-і оқудан өтіп, 1854-і жұмысқа орналасса, шамамен 600-і тағылымдамадан өтіп жатыр. 8000-нан астам адам әртүрлі мәселе бойынша кеңес алып, оны 2278-і психологтармен кеңесті. Сондай-ақ, жастардың тұрғын үй бағдарламасы бойынша «Отбасы банкпен» кеңесіп жатырмыз», - деді Рустам Қайрыев.
Орталықтар экологиялық бастамаларға да үзбей қатысады. «Эко-рейнджерлер» қозғалысы мен «Таза Қазақстан» акциясы арқылы қала жастары 40 000 түп ағаш егіп, қалдықтарды жинау үшін фандоматтар орнатып, бірнеше қоғамдық кеңістікті қамқорлығына алған.
«Комьюнити-орталықтарда қазақ, ағылшын, кәріс, итальян тілі, IT, дизайн, мобилография, анимация, сөйлеу шеберлігі мен қаржы сауаты сияқты тегін курстар да бар. Кітап клубтары, отбасылық кітапханалар, TikTok мектебі, кинолар, акустикалық кештер мен шығармашылық шеберлік сабақтары да жұмыс істейді. Әр орталық өзіндік бренд жобаларды жүзеге асырады. Мысалы: «Мен жас кезімде», «Тілдер паркі», «Job Teambuilding», «Есірткі жарнамасының орнына мурал» және басқалары», - деп қосты Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Думан Қапасов.
«Мониторингтің қорытындысы бұл орталықтардың жастар арасында сұранысқа ие екенін көрсетті. Олар жұмысқа орналасуға, жаңа дағдыларды игеруге, пікірлес, ниеттес жандарды табуға, идеяларды жүзеге асыруға және бос уақытын жайлы өткізуге көмектеседі. Қазір үш ауданда осындай екі орталықтан ашылған, жылдың соңына дейін тағы бірнеше орталық ашу жоспарланып отыр. Сұранысты ескеріп, алда әр ауданнан үш орталықтан ашуды ұсындық», - дейді Қоғамдық кеңестің мүшесі Марлен Рысбеков.
Сонымен қатар, бақылау кезінде инклюзивті инфрақұрылымды - пандустарды, қоңырау батырмаларын, әжетхананы әлі де жақсарту керектігі анықталды. Сондай-ақ, университеттермен, мектептермен, медициналық мекемелермен белсенді жұмыс істеп, орталық туралы ақпаратты таратып, медиа мен әлеуметтік желіні пайдаланып насихатты да күшейтуді ұсынды.
Комьюнити-орталықтар қаланың жастар саясатының құрамдас бөлігіне айналып, жан-жақты дамыған жаңа ұрпақ қалыптастыру үшін қолда бар мүмкіндікті пайдаланып жатыр.