Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу...

«Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі

Әлеумет 04.02.2024, 10:53 1,139
«Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі
gov.kz

Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін жетілдіру, басқару органдарын, күштер мен құралдарды алдағы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындау мақсатында ағымдағы жылдың 8-9 ақпан аралығында «Көктем-2024» республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Оқу-жаттығуға орталық мемлекеттік және  жергілікті атқарушы органдар, облыстық, қалалық және аудандық азаматтық қорғау қызметтері, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, Ішкі істер және Ұлттық ұланның әскери бөлімінен жедел топтар тартылатын болады. Республикалық оқу жаттығу штабы Ақтөбе қаласында орналасады.


Ағымдағы жылдың 3 ақпанында оқу-жаттығуды басқару штабының бастығы подполковник Кахарман Оразалиннің басшылығымен ТЖМ орталық аппаратының, Ақтөбе облысы ТЖД құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінен құрылған жедел штаб мүшелерімен жұмыс кеңесі өткізілді.


Жұмыс кеңесі барысында оқу-жаттығуды дайындау және өткізу бойынша ұйымдастырушылық мәселелер қаралды, жедел топтар тексеру үшін учаскелері мен бағыттарды айқындады, инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес облыста қабылданған алдын алу шаралары зерделенді.


Сонымен қатар өткізілген су тасқынына қарсы іс-шаралармен танысу мақсатында Қобда ауданына комиссиялық шығу жүзеге асырылды. Өткен жылғы су тасқыны кезеңінде 79 тұрғын үй мен 3 әкімшілік ғимарат су астында қалған болатын, жергілікті атқарушы органдардың алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық деңгейі де тексерілді.


Ақтөбе облысы ТЖД дағдарыс орталығының базасында оқу-жаттығу штабы жедел тобының жұмысы жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #көктем #тасқын #жаттығу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мұғалімдерді аттестаттауға қатысты жаңа өзгерістер енгізілді

Бүгін 15:26

Ұлттық метаболикалық код 2026: болашақтың медицинасы үшін пәнаралық диалог

Бүгін 14:52

Алматыда 200-ден астам тұрғын реновация бағдарламасы аясында жаңа баспана алды

Бүгін 14:43

Алматыда қазақ лингвистикасы цифрлық дәуірге аяқ басты

Бүгін 14:14

Алматылық ғалымдар: ғылымға бөлген ақша – елдің болашағына салған инвестиция

Бүгін 14:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика