Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Көкшетауда 152 млн теңге субсидияны жымқыру ісі бо...

Көкшетауда 152 млн теңге субсидияны жымқыру ісі бойынша үкім шықты (ВИДЕО)

Заң мен тəртіп 24.02.2026, 10:22 130
Көкшетауда 152 млн теңге субсидияны жымқыру ісі бойынша үкім шықты (ВИДЕО)
фото: видео скрині

Көкшетауда агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне мемлекеттік субсидия ретінде бөлінген бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша үкім шықты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеуді Ақмола облысы бойынша ҚМА департаменті жүргізген.

Схема қалай жұмыс істеген?

Тергеу мәліметінше, екі жыл бойы «МолПродЖаркаин» ӘКК директоры А. Ефимкина және «Рассвет» шаруа қожалығының басшысы А. Маслов сүт өндіру мен оны терең өңдеу өнімдерінің өзіндік құнын төмендетуге арналған субсидияларды заңсыз алған.

Алайда «Рассвет» шаруашылығында көрсетілген көлемде өнім өндіруге жеткілікті мал басы болмаған.

Соған қарамастан электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде «МолПродЖаркаин» ӘКК-не 3 млн килограмнан астам шикі сүт жеткізілгені туралы жалған құжаттар рәсімделген.

Осы деректердің негізінде сүттің сары май мен қатты ірімшікке өңделгені туралы есеп жасалып, кейін субсидия алуға берілген өтінімдерді уәкілетті орган мақұлдаған.

Мемлекетке келтірілген шығын – 152 млн теңге

Өтінімдер келісілген соң қаражат кәсіпорынның есепшотына аударылған. Нәтижесінде мемлекетке келтірілген жалпы шығын 152 млн теңге болды.

Сонымен бірге алынған субсидияның бір бөлігі Ефимкинаның туысының депозиттік шотына жіберілген. Кейін сол ақшаға жалға беріп, табыс табу үшін пайдаланылған мобильді ғимарат сатып алынған.

Мүлікке тыйым салынды

Тергеу барысында айыпталушылардың мүлкіне тыйым салынған. Оның ішінде:

  • 6 жер телімі,

  • 4 пәтер,

  • 11 автокөлік,

  • мобильді ғимарат,

  • өнеркәсіптік-өндірістік нысан бар.

Сот А. Маслов пен А. Ефимкинаны 6 жыл 4 айға бас бостандығынан айырды.

Мобильді ғимарат мемлекет пайдасына тәркіленді. Қалған мүлікке салынған тыйым азаматтық талап бөлігінде үкім толық орындалғанға дейін сақталады.

Үкім заңды күшіне енді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Субсидия #Жемқорлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҒЫЛЫМИ ОНКҮНДІК ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТТЫ

Бүгін 19:20

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 18:29

Алматыда Ғылым күні қарсаңында ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды

Бүгін 18:17

Отты жырдың оғланы: Ақын Олжас Сүлейменов 90 жаста

Бүгін 18:13

«Цифрлық иммунитетті қалай қалыптастыруға болады?»

Бүгін 18:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика