Көкжайлауда қар көшті

Көкжайлауда қар көшті Сурет: 24.kz

Алматының іргесіндегі Көкжайлау беткейінде ірі қар көшкіні жүрді.


«Казселденқорғау» мекемесінің мәліметінше, қардың көлемі шамамен 50 мың текше метрге жеткен. Аймақтағы толассыз жауын-шашын мен күннің жылынуынан қар күрт еріп, соңғы күндері Іле-Алатауы беткейлерінде бірнеше қар көшкіні тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.



«Ең үлкен қар көшкіні Қотырбұлақ өзенінің бассейнінде болды, онда көлемі 400 мың текше метр қар түсті», - дейді мамандар.



Қазір қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қар көшкіні қаупі бар аймақтарға тұрғындар мен демалушылардың кіруіне шектеу қою үшін бақылау-өткізу бекеттері орнатылды. Мұндай көшкіндерге тап болған адамдарды құтқару мүмкіндігі аз болғандықтан мамандар алдағы күндері таулы аймақтарда жаяу жүрмеуге кеңес береді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21