AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Кофе ішкеннен кейін дереу дәретханаға бару дұрыс п...

Кофе ішкеннен кейін дереу дәретханаға бару дұрыс па? Дәрігер жауабы

Мұны білген жөн 02.09.2025, 11:34 761
Кофе ішкеннен кейін дереу дәретханаға бару дұрыс па? Дәрігер жауабы
depositphotos.com

Кофе ішкеннен кейін дереу дәретханаға бару дұрыс па? Бұл немен байланысты? Бұл сұраққа гастроэнтеролог Андрей Констанденков жауап береді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап. 

Жүйке жүйесіне әсері

Кофеден кейін дәретханаға бару – көп адамда кездесетін жағдай. Әдетте бұл кофенің таңертең ішілуімен байланысты, ал таңертең ағза табиғи түрде ішекті босатуға бейім тұрады. Дегенмен мәселе тек кофеде емес: кофенің құрамындағы заттар мен оның ағзаға әсер етуі де маңызды рөл атқарады.

Кофеин – жүйке жүйеге әсер ететін белгілі стимулятор. Ол орталық жүйке жүйеге ғана емес, вегетатив жүйке жүйеге, әсіресе кезеген жүйкеге (nervus vagus) әсер етеді. Бұл жүйке ағзадағы ең ұзындарының бірі, ол мидың ішекпен байланысын қамтамасыз етеді.

Кофеин мен кофедегі басқа да компоненттер гастроколикалық рефлексті (асқазанға тамақ түскенде ішектің жұмысқа дайындалуы) айтарлықтай күшейтеді. Әдетте бұл рефлекс жай ғана асқазанның кеңеюіне жауап береді, ал кофе оны белсендіріп, ішектің жиырылуын жылдамдатады.

Кофе мен гормондар

Кофенің әсері жүйкемен шектелмейді. Ол гастрин гормонының бөлінуін арттырады. Бұл гормон асқазан сөлін көбейтеді және тоқ ішектің қозғалысын күшейтеді. Сондай-ақ кофе холецистокининнің (CCK) бөлінуіне әсер етеді, ол өттің бөлінуін және ішек перистальтикасын арттырады.

Микробиомға әсері

Қазіргі зерттеулер кофенің ішек микробиомының құрамына да әсер ететінін дәлелдеді. Кофені тұрақты ішетін адамдарда микрофлораның пайдалы профилі жиірек кездеседі. Ал бактериялар ас қорыту мен нәжіс қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын ескерсек, бұл да кофенің ішек қозғалысын қалыпқа келтіретінін жанама түрде түсіндіреді.

Барлығы кофеинге байланысты емес

Қызығы, дефекацияға деген қажеттілік кофеинсіз кофе ішкенде де пайда болуы мүмкін. Бұл тек кофеин ғана емес, басқа заттар да әсер ететінін көрсетеді. Мысалы, хлороген қышқылдары асқазан сөлінің қышқылдығын арттырып, ас қорытуды белсендіреді. Сондай-ақ кофедегі ерекше липидтер ішектегі рецепторларға әсер етіп, бұлшықеттің жиырылуын күшейтеді.

Бұл қалыпты жағдай ма?

Кофеден кейін дәретханаға барғыңыз келуі – ағзаның жүйке жүйесі, гормондар және ас қорыту процестеріне сусынның әсерінен туындайтын қалыпты реакция. Көп жағдайда бұл алаңдауға себеп емес. Бірақ егер оған іштегі ауырсыну, диарея немесе басқа да жағымсыз белгілер қосылса, гастроэнтерологқа қаралу керек. Дәрігер себебін анықтап, қажет болса ем тағайындайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кофе #ішу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20

Алматыда «Nauryz Sale» ауқымды мерекелік акциясы өтті

Бүгін 13:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика