конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Škoda Қазақстанда троллейбус шығаратын зауыт ашу м...

Škoda Қазақстанда троллейбус шығаратын зауыт ашу мүмкіндігін қарастыруда

Әлеумет 15.04.2022, 10:25 1,640
Škoda Қазақстанда троллейбус шығаратын зауыт ашу мүмкіндігін қарастыруда
Сурет: Inform.kz

Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі мен KAZAKH INVEST ұйымдастырған сапары аясында Алматы, Нұр-Cұлтан қалаларының әкімдіктерінде және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да кездесулер өтті. Онда чех компаниялары мегаполистерді көлікпен қамтамасыз етудегі және қоғамдық көлікті жаңғыртудағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.


KAZAKH INVEST пен «Škoda Transportation» және «Elektrotechnika» чех компанияларының өкілдері арасындағы кездесуде Қазақстанда өндірістік қуатын орналастыру перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Кездесу барысында «Škoda Transportation» өңірлік директоры Роман Соркин мен «Elektrotechnika» бизнесті дамыту жөніндегі директоры Либор Новак чех делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға көмектескені үшін KAZAKH INVEST-ке алғыс айтып, екіжақты инвестициялық ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.


Өз кезегінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов машина жасау саласындағы инвестициялық жобаларды дамыту Қазақстан экономикасының басым секторларының бірі саналатынын атап өтіп, жобаларды одан әрі қолдауды растады. Чех компаниялары стратегиялық және технологиялық инвесторлар ретінде Қазақстанда троллейбустар мен электробустар өндірісін оқшаулау мүмкіндігін зерделеуде.


«Škoda Transportation» компаниясы - метро, трамвай, троллейбус, теміржол вагондары, электр пойызы және электр автобустары сияқты көлік түрлерінің жетекші еуропалық өндірушілерінің бірі. «Elektrotechnika» компаниясы - метро мен теміржол көлігіне арналған трамвай және троллейбус желілеріне арналған әртүрлі типтегі тартқыш жүйелердің ірі өндірушісі.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#қоғамдық көлік #жаңғырту #троллейбус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева Вьетнам Социалистік Республикасы Премьер-министрінің орынбасарымен кездесті

Кеше 20:36

Алматыда Саин көшесіндегі арнайы жолақтың пилоттық жобасы аяқталды

Кеше 20:32

Алматы құрамасы сурдлимпиадалық спорт түрлерінен IV Спартакиаданың чемпионы атанды

Кеше 18:07

200 бірінші сынып оқушысына «Балаларды мектепке даярлайық» акциясы аясында көмек көрсетілді

Кеше 18:05

Алматыда «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» байқауының қалалық жеңімпазы анықталды

Кеше 18:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);