Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Кітап таныстырылымы өтті

Кітап таныстырылымы өтті

Мәдениет 13.01.2023, 10:22 2,042
Кітап таныстырылымы өтті
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты қабырғасында белгілі қытайтанушы ғалым Клара Хафизованың «XVIII–XIX ғасырлардағы дала билеушілері және олардың дипломатиясы» кітабының таныстырылымы өтті.


Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының құрылғанына 30 жыл толуына арналған шаралар кешенін бастайды.


Монография Қазақ хандығы билеушілерінің үш ұрпағының екі ғасыр бойы қазақ мемлекеттілігін, аумақтық тұтастығын және ұлттық бірлігін сақтау жолындағы қызметіне арналған. Монографияның авторы – белгілі қытайтанушы, тарих ғылымының докторы, халықаралық қатынастар тарихы, Қытайдың сыртқы саясаты, Орталық Азия және Қазақстан–Қытай қатынастары жөніндегі білікті маман Клара Шайсұлтанқызы Хафизова. Клара Шайсұлтанқызы - бірнеше ірі монографиялар мен жинақтардың және де Қытайда, Ресейде, Ауғанстанда, Иранда, Англияда, Украинада, Жапонияда осы елдердің тілдерінде жарияланған көптеген мақалалардың авторы.


Іс-шара Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымовтың алғысөзімен басталды.



«Клара Шайсұлтанқызы аса қиын бағыт – қытайтану саласында еңбек етіп жүрген нағыз ғалымның қайсарлығының үлгісі. Клара Шайсұлтанқызының жанқиярлық қызметі жас зерттеуші-ғалымдарды тәуелсіз Қазақстанның шығыстану және қытайтану ғылымдарының дамуына үлес қосуға шабыттандырады. Қазақстанда қытайтану мектебі әлі қалыптасу сатысында, сондықтан Клара Шайсұлтанқызының еңбегі секілді әрбір монументалды туындының құны алтынмен бағаланады. Қытайтану – қажетті білім көлемін, құзыреттілік деңгейін, қытай тілін білуді және т.б. ескерілетін күрделі бағыт. Сондықтан бүгінгі таңда ҚСЗИ қытайтану бойынша зерттеулердің бастамашысы болып, осы бағыттың дамуына ықпал етуі маңызды. Себебі, ерте ме, кеш пе жүйелі мектептің қалыптасары даусыз», – деді институт директоры.



Еске сала кетейік, тұңғыш қытайтанушы қазақ қызы Клара Хафизова «XVIII–XIX ғасырлардағы дала билеушілері және олардың дипломатиясы» кітабын жазумен 50 жылдан бері айналысып жүргенін айтқан болатын.



«Бұл кітап менің жарты ғасырлық Қазақстан–Қытай қарым-қатынасының тарихына арналған еңбегімнің жемісі. Егер бұрын бұл тақырыпты экономикалық және саяси мәселелер тұрғысынан қарастырсақ, бұл кітап өркениеттік көзқарасқа бағытталған. Қазіргі таңда әлем мұрағаттары ашылып жатыр, түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар, соған сәйкес адамдар саяхаттап, бірегей материалдар әкеледі. Өзім аударған көптеген түпнұсқа материалдар да бар. Зерттеу әдісім мынадай: алдымен материалдарды аударып, ашық жариялаймын, содан кейін солардың негізінде өз еңбектерімді жазамын. Сол арқылы біздің зерттеушілер жұмысқа сыни тұрғыдан қарауға мүмкіндік алады. Алайда, бұл аудармаларды жасау өте қиын болды. Себебі, олар көне қытай тілінде жазылған болатын», – дейді Клара Шайсұлтанқызы.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап #таныстырылым #монография
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің еріктілері «Аяла» орталығында қайырымдылық акциясын өткізді

Бүгін 21:18

«Орталық Азия мұраты» монографиясы жарық көрді

Бүгін 18:31

Қазақстан прокатына «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» деректі фильмі шығады

Бүгін 18:14

Алмаша Аренова: Қазақстан мен Орталық Азияның стратегиялық әріптестігі жаңа жаһандық жағдайда айрықша мәнге ие

Бүгін 18:10

Қазақстанда балалар күніне 130 минут TikTok көреді

Бүгін 18:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі