AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Кітап оқудың маңызы зор

Кітап оқудың маңызы зор

Білім және ғылым 26.04.2026, 17:28 241 Дина
Кітап оқудың маңызы зор
автордан

Қазіргі заманда ақпарат көп болғанымен, терең білім мен саналы ойдың негізгі көзі – кітап. Осы тұрғыдан алғанда, «Мен оқыған 10 кітап» акциясы – қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды әрі өзекті бастама.

Кітап оқу – мен үшін тек білім алу емес, өмірлік тәжірибені кеңейту, ойды жүйелеу және дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін құрал. Кітап адамның дүниетанымын өзгертіп, жаңа көзқарас қалыптастырады.

Соңғы уақытта оқыған кітаптарымның қатарында бизнес, психология, қаржы сауаттылығы және тарих бағытындағы еңбектер бар. Атап айтқанда, «Делай бизнес на миллион» – кәсіпкерлік ойлау мен табысқа жетудің негізгі қағидаларын түсіндіреді. «Как думают победители» – табысты адамдардың ойлау жүйесін ғылыми тұрғыда талдайды. Марғұлан Сейсембай «Миссия выполнима» – өмірлік мақсат қою және оны жүзеге асыру жолдары туралы. Дж. М. Триппон «Олигарх. Как стать богатым навсегда» – қаржылық тәуелсіздікке жетудің стратегиялары. Уильям О’Нил «Как делать деньги на фондовом рынке» – инвестиция мен қаржы нарығындағы нақты тәжірибеге негізделген еңбек. Роберт Дилтс және т.б. «Альфа-лидерство» – көшбасшылық қасиеттерді дамытуға бағытталған. Ричард Кох «Принцип 80/20» – нәтижеге жетудегі ең тиімді тәсілдерді көрсетеді. Самат Өтениязов «Әбілхайыр хан және оның Қазақстан тарихындағы орны» – тарихи тұлғаның ел тарихындағы рөлін ашып,«Шоқан Уәлиханов – жиһангер зерттеуші» – қазақтың ұлы ғалымының мұрасын терең түсіндіреді. Аман Тулеев «С моих слов записано верно» – басқару, саясат және өмірлік тәжірибе туралы ой-толғамдары бар.

Бұл кітаптардың әрқайсысы маған әртүрлі бағытта әсер етті. Бірі – кәсіпкерлік ойлауды дамытса, екіншісі – көшбасшылық қасиеттерді күшейтті. Ал тарихи еңбектер өткенімізді терең түсінуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі қоғамда жедел ақпаратқа тәуелділік артып келеді. Алайда кітап – асықпай ойлануға, саралауға және терең түсінуге үйрететін бірден-бір құрал. Әсіресе, жас ұрпақ үшін кітап оқудың маңызы ерекше. Осындай бастамалар арқылы біз тек өзімізді дамытып қана қоймай, қоғамға үлгі болар едік. Өйткені оқитын адам – ізденетін адам, ал ізденетін адам – ел дамуына үлес қосатын тұлға.Баршаңызды кітап оқуға шақырамын!

Махамбет Асабаев

«АМАНАТ» партиясы Алматы қалалық филиалы партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары. «MaxMedGlobal» ЖШС бас директоры

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Теңге ілуден өтетін әлем чемпионатында Қазақстанның намысын алматылық спортшылар қорғайды

Бүгін 10:12

Алматыда роботтандырылған эндопротездеу бойынша халықаралық тәжірибе алмасу өтті

Бүгін 10:02

Бүгін - Халықаралық мейіргерлер күні

Бүгін 09:48

БҰҰ Бас хатшысы хантавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін 09:22

Құрбан айтта неше күн демалыс?

Бүгін 09:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);