ffin.kz

Кітап оқу ұлттың дамуы мен бәсекеге қабілеттілігінің негізгі шарты

Кітап оқу ұлттың дамуы мен бәсекеге қабілеттілігінің негізгі шарты Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова кітап оқитын ел қалыптастыру туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Ол биылғы құрылтайда президент мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде кешенді шаралар қабылдау қажеттігін атап көрсеткенін айтып, кітап оқитын ел жобасын жасау тақырыбына тоқталды.


Депутаттың айтуынша, мемлекет басшысының осы мәселеге ерекше назар аударуының себебі – кітап оқу ұлттың дамуы мен бәсекеге қабілеттілігінің негізгі шарты екендігімен байланысты. 



“Бұл ретте, отандық авторлар мен баспагерлерді  мемлекеттік қолдауда басымдықтың оқулықтар мен әдебиеттерді басып шығаруға тапсырыс берумен ғана шектеліп отырғаны алаңдатады.  Бүгінде дүкендерде кітап сөрелерінде ұлттық әдебиет пен кітаптар саны артқанымен, бұл жұмыс тым баяу жүргізілуде. Сондықтан Мемлекет басшысының таяуда өткен Ұлттық құрылтайда осыған қатысты берген тапсырмасын негізге ала отырып, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға түзету енгізу қажет деп санаймыз”, – деді Айдос Сарым.



Депутат бұл шараны бірнеше бағытқа қамтып көрсетті:


Бірінші. Отандық кітап басып шығару ісін субсидиялау форматын өзгерту. 



“Қолданыстағы форматтың әлсіз жақтары – субъективтілік, формальдылық, ал кейбір тұстары сыбайлас жемқорлықтың бар екенін көрсетеді. Жағдайды өзгерту үшін мемлекеттік тапсырысты Президент айтқан нақты құндылықтар бойынша шығармалар әзірлеуге бағыттаған жөн. Сапасы жоғары, сұранысқа ие контент жасай алатын авторлармен ұзақ мерзімді келісімшарттар қажет”, – деді ол.



Екінші. Кітап индустриясы мен кітапқұмарлар қоғамының инфрақұрылымын қайта құру қажет екенін алға тартты. 



“Бұл ретте, кітап индустриясының тиісті тізбектерін құрған жөн. Ересектерге арналған мұндай тізбектер мынадай буыннан тұруға тиіс: оқырман – сыншы – маркетолог – баспа – кітап дүкендері мен дүңгіршектер – оқырман”, – деп қосты депутат.



Ал үшінші қалалар мен ауылдардың әлеуметтік-мәдени стандарттарын өзгертіп, оқырмандар мен тұрғындардың санына шаққандағы кітап дүкендері мен дүңгіршектердің қажетті көлемін анықтаудың маңызы зор екенін айтты.



“Өкінішке қарай, қалаларда кітап дүкендері мен газет дүңгіршектері ғайып болып кетті. Сондықтан баспа өнімдерін, газет-журналдар сататын бірыңғай үлгідегі туристік дүңгіршектер желісін құру керек. Мысалы, Еуропада, Әзербайжанда, Ресейде және басқа да елдерде осындай желілер жұмыс істейді”, – деді Айдос Сарым.



Депуттатың айтуынша төртінші қарапайым қағаздан бастап полиграфиялық жабдыққа дейін импортқа жүз пайыз тәуелді кітап индустриясы саласына экономикалық тұрғыдан ынталандыру жүйелері қажет.



“Салық реформасы аясында кітап шығарушыларды 10 жыл мерзімге салықтан босату керек. Мәселен, қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі ұлттық кітап шығаруды қолдаудың пәрменді шарасы ретінде 39 елде – Ұлыбританияда, Үндістанда, Бразилияда, Мексикада және басқа да елдерде қолданылады”, – деп қосты ол. 



Бесінші авторлық сыйақы төлеу қағидаларын, оның мөлшері мен төлеу тәртібін әзірлеу және бекіту қажет екен.



“Лайықты сыйақы алу үшін жағдай жасау отандық авторлардың шығармашылық белсенділігін арттырып, оларды баспаға тәуелділіктен құтқарады. Сонымен қатар, кітап-баспа инфрақұрылымының өкілдерімен бірлесіп, авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңнаманы ретке келтіру керек”, – деп қосты депутат. 



Айдос Сарым алтыншы кітапқа деген қызығушылық отбасында қалыптасуы тиіс екенін алға тартты.



“Бұл ретте, баласына ата-анасы үлгі көрсетуі керек. Біздіңше, баланың рухани әлемін байытатын құрал – электрондық ойындар емес, кітаптар. Балаларға арналған дайджесттер, ғылыми-танымал журналдар мен сайттар, ең алдымен қазақ тілінде шығарылуы керек”, – деді ол. 



Депутат жетінші кітап оқу әдетін мектеп қабырғасынан бастап дамыту керек десе сегізінші мектеп – кітапхана желісі бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуге тиіс екенін жеткізді. 



“Негізгі әдеби шығармаларды оқу, олар бойынша түсінгенін айту, олар бойынша эссе жазу мектеп бағдарламасына қайтарылуы керек. Кітап және кітап оқу күндерін өткізу қажет. Бұл ата-ана мен бала арасындағы сенімді, түсіністікті арттырады, бұл өз кезегінде үй ішіндегі дүрбілжеңді, ажырасуды, отбасылық зорлық-зомбылықты тежеуі ықтимал. 


Сонымен қатар барлық оқушылар жергілікті кітапханаларға жазылып, оқырмандар қатарына қосылулары керек. Оларға арналған көрмелер, кездесулер, конкурстар, әдеби іс-шаралар өткізілуге тиіс”, – деді Айдос Сарым.



Депутат барлық мемлекеттік органдар осыны қаперлеріне алулары қажет екенін жеткізді.



“Совет заманында, қазақ жазушыларының туындылары жүздеген мың тиражбен, ал ең танымал қазақ газет-жорналдары 500-600 мың тиражбен тарайтын кезеңді де көрдік. Еліміз Тәуелсіздігін алып, халық саны еселеп артқан заманда бұндай жағдай қайталанбайды дегеннің өзі асқан қателік! Бұған тек жүйелі, табанды жұмыс атқаруымыз шарт!


Жалпы алғанда, фракциямыздың депутаттары өз тарапынан қажетті заңнамалық шаралар арқылы отандық кітап шығаруды институционалдық тұрғыдан нығайту үшін Үкіметке жәрдем көрсетуге дайын.  Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы толыққанды іске асырылуы керек”, – деп қорытты ол.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58