конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Кісі ақысын жеме...

Кісі ақысын жеме...

Әлеумет 25.12.2024, 11:54 1,406
Кісі ақысын жеме...
Өңірлік коммуникациялар қызметі

2024 жылы Алматы тұтынушыларына 400 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің 2024 жылғы 12 айдағы жұмысының қорытындысы шығарылды, деп  хабарлайды aqshamnews.kz

Департамент басшысының орынбасары Нұрлан Абдиевтің айтуынша, мемлекеттік орган азаматтардың 9000-ға жуық өтінішін қарады, жоспардан тыс 60 тексеру жүргізді және 265 әкімшілік жаза қолданылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде тұтынушылардың пайдасына 402 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды.

«Келіп түсетін өтінімдердің негізгі үлесі Департамент жүйелі түрде қарайтын бөлшек сауда және электрондық сауда саласына қатысты. ТКШ қызметтері саласында өтініш түскен кезде Департамент мәселені жедел шешу үшін Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарымен тұрақты негізде жұмыс жүргізеді», - деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, тексеру барысында анықталған негізгі заңбұзушылықтар сапасыз тауарларды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тартуға, шағымдарға жауап беру мерзімдерін сақтамауға және сауда үстемелері туралы заңнаманы бұзуға байланысты.

Департамент, сонымен қатар, Алматы қаласының қоғамдық ұйымдарымен азаматтардың тұтынушылық құқықтарын қорғау саласында бірлескен жұмыс жүргізеді.

Өтініштерді қараудан басқа, Департамент халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында белсенді жұмыс істеуде. Есепті кезеңде әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға белгілеудің делдалдық схемаларын тергеу жөніндегі комиссияның 30 отырысы өткізілді, бұл 662 бұзушылықты анықтауға және жоюға мүмкіндік берді. 

Ұсынылған материалдардың негізінде сауда саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік шаралар қабылданады, сонымен қатар тұтынушылар үшін өнімнің түпкілікті құны төмендейді.

 «Біз туындаған мәселелерді жедел шешу үшін қоғамдық ұйымдармен және жергілікті билік органдарымен белсенді түрде ынтымақтасамыз. Деректерді талдау нәтижесі тұтынушылық құқықтық мәдениеттің артқанын әрі  жосықсыз кәсіпкерлік қызметтің өскенін де көрсетті», - деп бөлісті Н. Абдиев.

Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде тұтынушылардың құқықтары мен сатушылардың міндеттерін түсіндіруге бағытталған ағартушылық іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі. Департамент азаматтарға құқықтық көмек те көрсетеді, оның ішінде сотқа дейінгі шағымдарды  жасау және соттарда істі алып жүру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сауда #құқық #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берудің басталу және аяқталу уақыты өзгертілген учаскелердің тізімі

Кеше 19:22

Сайлаушыларды дауыс берудің уақыты мен орны туралы хабардар ету

Кеше 19:04

Орал қаласында Құтқарушылар аллеясы ашылды

Кеше 18:00

Алматыда LRT желісін 2027 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр

Кеше 17:18

Қазақша минимализм: саналы өмір салтының жаңа парадигмасы

Кеше 17:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);