ffin.kz

Керлинг көрермені болыңыз!

Керлинг көрермені болыңыз! Сурет: ашық дереккөз

Кёрлинг – Шотландиядан шыққан ойын. ХVІ ғасырда шотландиялық фермерлер қыс бойы гранит тастарды көл бетіне қатқан мұз үстімен сырғанатып, сайысқа түскен.  Шотланд тілінен аударғанда «Кёрл» «айналдыру», «шиыру» деген мағынаны білдіреді. Яғни, тасты белгілі бағытқа дұрыс айналдырып жібере білу. Нақтырақ айтқанда, бұл ойын тұнып тұрған ғылым. Бұл ойын – ұзындығы 44,5 метр тік бұрышты мұз айдын үстінде ойналады. Гранит тастың салмағы 20 келіні тартады.


Мұнда тасты лақтыруға да, сермеуге де болмайды. Оны тек мұз бетімен сырғанату керек. Екі команда тастарды қарсы беттегі «үйдің» орталығына қарай неғұрлым жақынырақ орналастыруға тырысады. «Үйдің» орталығына неғұрлым жақынырақ орналасқан тастар ғана ұпай әкеледі. Қалғандары есепке алынбайды. Төрт адамнан құралған команданың бірі тасты сырғанатса, қалғандары тастың жолын ысқылап, мұз бетін өте ұсақ кедергілерден тазартып, оның жылжуына мүмкіндік жасайды.  Ысқылаудың өзі толық бір ғылым іспетті. Жалпы, кёрлинг – қара күшті емес, дәлдік пен айла-тәсілді қажет ететін ойын.


Кёрлинг 1988 жылдан бері Олимпиадалық ойындар бағдарламасына енгізілген. Ойын Қазақстанда да дамып келеді. Әртүрлі деңгейдегі турнирлер ұйымдастырылуда. Соның бір дәлелі - Алматыда «Халық Арена» мұз сарайының ашық алаңында Қазақстан Республикасының IV Қысқы Жасөспірімдер ойындары аясында керлингтен жарыс өтуде.


Ашылу салтанаты 4 ақпан күні сағат 11:00-де болады.


Күні мен орны:


2023 жылдың 31 қаңтары мен 12 ақпаны аралығында Алматы қаласы, Оңдасынов көшесі, 191


Байланыс үшін: Ангелина Эбауэр, Қазақстан Республикасының Керлинг федерациясы +7 747 620 99 16


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49