Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / «Кенжеханнан» шу шықты

«Кенжеханнан» шу шықты

Заң мен тəртіп 19.04.2023, 11:38 1,027
«Кенжеханнан» шу шықты
Сурет: Мassaget.kz

Сатушылар 5 миллион теңге бермесек, базардан кетіреді деп отыр.


Алматыдағы «Кенжехан» базарының 1,5 мың сатушысы шу шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл туралы хабарлаған КТК арнасының мәліметінше, жазда сауда нысаны күрделі жөндеуден өтеді. Ал оның ақшасын базар басшысы осындағы кәсіпкерлерден бір айдың ішінде өндіріп алмақшы екен.



«Тақалған кезде тағы «10 мың доллар керек» дейді. Расында бір айда 10 мың долларды іс жүзінде ешкім шығара алмайды. Ол кепіл. Бүйту керек қой, бірінші, мен өзім заңды оқығанмын, шарт әкелуі керек, әкімдіктің рұқсаты керек. Қызыл сызықта бар ма, жоқ па?» - дейді саудагер Қадырәлі Жұмадүрді.



Кезінде контейнерді сатып алған кәсіпкерлер тағы да шығынға батайын деп тұр. Ал бір жыл бұрын ауысқан базар басшылығы бұған бас қатырмайды дейді.



«2014 жылы 12 500 доллардан бәріміз сатып алғанбыз. Енді бүгін контейнерлерімізді кері сатып алуымыз керек екен. Мысалы, менің екі орным бар, 20 мың долларды бір айдың ішінде аяқасты тауып бере алмаймын. Өйткені алдымызда маусым келе жатыр», - дейді саудагер Ануза Дәуітова.



«Кенжехан» базары 2014 жылы ашылған. Негізінен аяқ-киім, киім-кешек және құрылыс материалдарын сатады. Екі қабатты контейнерлерден соғылған.


Саудагерлер базар әкімшілігіне шамамен 50 мың, ал оны сатып алған қожайынға 150 мың теңге төлейді. Сонда ай сайынғы төлем орташа 200 мың теңгеден асады.


Былтыр келген жаңа басшыны ешкім көрмеген. Тегін ғана біледі. Оның орнына өзін  атқарушы директормын деген базар өкілі келген. Күрделі жөндеуге 1 600 саудагерден 5 миллион теңгеден ақша жиналатынын айтып отыр. Бұл – 8 миллиард теңге. Ал модернизацияның өзіне 10 миллиард жұмсалса, соның 80 пайызы кәсіпкерлердің қалтасынан шыққалы тұр.



«Үкімет ақша береді, бәленбай миллиард модернизацияға, қарызға деген, бірақ несиені әзірге бермей жатыр. Оған сол үшін халық өзі ақшасын шығарады. Бірақ әр адаммен келісімшарт жасаймыз», – деді «Кенжехан» базарының атқарушы директоры Ардақ Тажиев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Базар #жөндеу #Кенжехан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Кеше 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Кеше 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Кеше 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Кеше 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Кеше 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика