AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау 2026 / Азия ойындарының жүлдегері Бэлла Самашева Алматы м...

Азия ойындарының жүлдегері Бэлла Самашева Алматы мәслихаты депутаттарының сайлауында дауыс берді

Сайлау 2026 Бүгін 08:18 25
Азия ойындарының жүлдегері Бэлла Самашева Алматы мәслихаты депутаттарының сайлауында дауыс берді
Алматы әкімдігі

Спортшы үшін сайлауға қатысу – азаматтық ұстанымын білдіру, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

29 қараша күні таңертең алматылық каратэші Бэлла Самашева қала спортшыларының арасында алғашқылардың бірі болып Алматы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты. Ол Түрксіб ауданының Алтай-1 шағынауданындағы Д. Бабаев атындағы №115 мектепте орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.

Бэлла жексенбіні дауыс беруден бастауды жөн көрген. Спортшы үшін сайлауға қатысу – азаматтық ұстанымын білдіріп, өзі тұратын әрі жаттығатын қала тұрғындарының мүддесін қорғайтын депутаттарды таңдауға атсалысу мүмкіндігі.

Бэлла Самашева Алматының атынан сынға түседі және WKF каратэ бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетеді. Жапонияда өткен ХХ жазғы Азия ойындарында спортшы 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды.

Еске салайық, Алматы мәслихатындағы депутаттық мандаттарға 168 кандидат үміткер. Олардың 109-ы партиялық тізім, ал 59-ы бірмандатты сайлау округі бойынша ұсынылған. Қалада 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Олардың 41-інде бір күндік тіркеу сервисі қолжетімді.

Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар әлеуметтік желіде дауыс беру барысынан алған әсерімен бөлісіп жатыр

Бүгін 08:24

Ақын, «Құрмет» орденінің иегері Әділғазы Қайырбеков Алматы мәслихаты депутаттарының сайлауында дауыс берді

Бүгін 08:21

Алматының Жетісу ауданында дауыс беру күні алғашқы бюллетеньдермен ғана емес, сергітетін таңғы жаттығумен де басталды

Бүгін 08:13

Алматының Медеу ауданында алғашқы сайлаушыларға тәтті сыйлықтар табысталды

Бүгін 08:13

Алматы тұрғындары «Менің таңдауым» фотоаймақтарында дауыс беру күнін естелікке түсіруде

Бүгін 08:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);