конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / "Келмеңдер" деп айтатын". Атырауда із-түссіз жоғал...

"Келмеңдер" деп айтатын". Атырауда із-түссіз жоғалған отбасының туысы адамшошырлық дерек айтты

Оқиға 12.01.2026, 15:33 786 Сұлу
"Келмеңдер" деп айтатын". Атырауда із-түссіз жоғалған отбасының туысы адамшошырлық дерек айтты
сурет: Атырау облыстық ПД

Танымал журналист Гүлмира Әбіқай "Алаш Орда" арнасында Атырау облысындағы дау тудырған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

Журналистің айтуынша, марқұмдардың ең жақын туыстарының бірі Әсилә Мұқанғалиеваның өзі күдікті ретінде аталып жүрген Сұлтанның сырт келбеті мен мінез-құлқын нақты сипаттап бере алмайды.

"Сұлтанның түрін бәріміз фотороботтан көрдік қой. Ал Әсилә апай "Ол ешқашан бізбен бірге отырыста болған жоқ. Алғашында алып қашып кеткен соң құда болып бір-ақ рет келді, одан кейін араласпадық", – дейді ол. Мен "Құдағиыңыз сіздерді кінәлап жатыр ғой" десем, "Біз барайық" десек, Ақбаян "Келмеңдер-келмеңдер" деп айтатын. Шынын айтсақ, қызымызды төртінші баласын босанған кезде бір-ақ рет көрдік. Ал бесінші баласын босанғанын тіпті көрмедік. Себебі Ақбаян "Келмеңдер, енем мен Сұлтан солай айтты" деп жолатпады", – дейді. Әлбетте, Ақбаянның өзі солай айтқан соң, қыздың төркіні жақындамаған. Бір қызығы, ең жақын туыстарының өзі күйеу баласының түрі қандай екенін есіне сақтай алмай, мінезін білмей отырса, оны көршілері мен өзге адамдар қайдан білсін? Шынында да, томаға-тұйық, ешкіммен араласпайтын отбасы болғаны айтылады. Дәл осындай отбасына қатысты адамдар мен учаскелік полиция күдікпен қарауы керек емес пе?" – дейді ол.

Атырау облысында жоғалған отбасының ісі

Еске салайық, 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен.

Атырау облысы ПД

6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Олардың ұл-қызы әлі іздестіріліп жатыр.

"Бұл дерек бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер анықталды. Қазір оларды іздеу және ұстау мақсатында құқық қорғау органдары жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр", - деді бұған дейін полиция.

8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.

Сонымен қатар, Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Бұл оқиғаға өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атырау облысы #отбасы #жоғалу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризм саласынан түсетін салық түсімі 13%-ға өсті

Бүгін 15:07

Канье Уэст алғаш рет Қазақстанда концерт береді

Бүгін 14:55

Тоқаев Шанхайда жасанды интеллектіні дамытуға қатысты бірқатар бастама ұсынды

Бүгін 14:39

Kaspi.kz банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне қосылды

Бүгін 14:30

Алматы хайуанаттар бағына жарты жылда жарты миллионнан астам адам барған

Бүгін 14:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);