AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Келісім – күрделі әлемнің қажеттілігі

Келісім – күрделі әлемнің қажеттілігі

Әлеумет 24.04.2025, 12:43 711 Bakyt
Келісім – күрделі әлемнің қажеттілігі
24 kz

Бүкіл әлем үшін сындарлы диалог пен прагматизм – басты құндылықтарға айналуы тиіс

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында халықаралық тұрақсыздық жағдайында сындарлы диалогтың маңызы мен Қазақстанның стратегиялық бағыты туралы ой қозғап, әлемдік қауымдастықты келісім мен өзара құрметке негізделген әрекетке шақырды. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Президент қазіргі күрделі геосаяси жағдайда әлемдік қауымдастық келісім мен өзара түсіністікке негізделген шешімдер қабылдауға мәжбүр екенін атап өтті.

"Берекесіздікке бой алдырмау үшін әлемдік қауымдастық мүдделер тоғысатын тұсты іздеуге, күрделі шешімдер қабылдауға және амалсыз мәмілелер жасауға мәжбүр болады. Диалог жоқ жерде, қарсылық пен түсініспеушілік туындайды", – деді Тоқаев.

Оның айтуынша, қазіргі сын-қатерлерге қарсы тұрудың жалғыз жолы – халықаралық ынтымақтастықты күшейту. Өзара тәуелді әлемде ғаламдық мәселелерді жалғыз шешу мүмкін емес.

"Қазіргі сын-қатерлерді ауқымды халықаралық ықпалдастық арқылы ғана жеңе аламыз деп сенемін. Өзара біте қайнасқан әлемде ғаламдық мәселелерді шешудің бұдан басқа жолы жоқ", – деп нақтылады Мемлекет басшысы.

Әділдік пен теңдікке негізделген келіссөздер – бейбіт әлем кепілі

Тоқаев бейбіт әлем құруда прагматизм мен өзара құрмет, әділеттілік пен ешкімді алаламау қағидаттарының ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

"Сондықтан прагматизм мен өзара құрметке, теңдікке, әділдікке, ешкімді алаламауға негізделген сындарлы келіссөздер мен тұрақты байланыстар халықаралық жағдайды оңалтып, шиеленістердің түйінін тарқатады", – деді ол.

Бұл тұжырым – Қазақстанның бейбіт сыртқы саясатының негізі мен әлемдік тұрақтылыққа қосып отырған үлесінің көрінісі.

Мемлекет басшысы ішкі саясатта да сыртқы жағдайға бейімделе отырып, нақты және ұзақ мерзімді мақсаттарға жүйелі түрде ұмтылу қажет екенін айтты.

"Қазір бүкіл әлемнің болашағы бұлыңғыр болып тұр. Осы алмағайып заманда стратегиялық бағдарымызға сай әрекет ету – алдымызда тұрған аса маңызды міндет", – деді Тоқаев.

Ол Қазақстанның қолға алған ауқымды жобаларды жалғастыратынын, инвестиция тарту мен өнеркәсіптік әлеуетті арттыру бағытында нақты жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

"Ұзақ мерзімге арналған мақсаттарымызға қол жеткізу үшін тиянақты әрі тиімді жұмыс істеуіміз керек", – деп қорытындылады Президент.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Әлем #келісім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

9 мамырға байланысты ХҚКО жұмыс кестесі өзгереді

Бүгін 14:47

Құрылтай сайлауына қанша шығын кетеді?

Бүгін 14:31

Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Бүгін 14:10

Сапа мен қауіпсіздік: Алматыда білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін 12:41

Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);