AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Келесі жылдан бастап шағын жинақты мектептердің әл...

Келесі жылдан бастап шағын жинақты мектептердің әлеуетін дамыту жобасы іске қосылады

Білім және ғылым 23.09.2024, 15:21 2,308 dulatbekova
Келесі жылдан бастап шағын жинақты мектептердің әлеуетін дамыту жобасы іске қосылады
Сурет: Gov.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ақтөбе облысының әкімдігі «Цифрлық технологияларды пайдаланып Ақтөбе облысындағы шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту» пилоттық жобасын жүзеге асыруда. Жуырда облыс орталығында өткен республикалық семинарда аталған жобаның қорытындылары талқыланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 Жалпы пилоттық жоба Ақтөбе облысы бойынша 10,5 мыңнан астам оқушы білім алатын 134 шағын жинақты мектепті қамтиды. Тірек мектептердің оқытушылары сабақ беруде стримингтік оқытудың цифрлық шешімдерін қолданды. Жоба нәтижесінде мектептерде онлайн оқыту үшін жаңартылған цифрлық кабинеттер және лабораториялық жұмыстар үшін ғылым кабинеттері ашылды, 1000-нан астам педагог «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы әзірлеген екі білім беру бағдарламасы бойынша оқыды. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырды.

 «Оқу-ағарту министрлігі ауылдық және шағын жинақты мектептерді дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Сегіз мың мектептің 67,4%-ы ауылдық жерлерде, 51,2%-ы шағын жинақты болып табылады. Олардың басым бөлігі Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында орналасқан. Ақтөбе облысында жүзеге асырылған пилоттық жобаның нәтижесінде ауыл мектептерінде білім сапасы пен оқыту тиімділігінің айтарлықтай артқанын байқап отырмыз. Бұл жоба жоғарыда аталған өңірлерде 2025-2026 жылдарда жүзеге асырылады», - деп атап көрсетті оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева.

Атап өту керек, жобаны жүзеге асыру кезінде мектептердің 77,4%-да жоғары жылдамдықты интернетке қосу және педагогикалық кадрлар тапшылығы мәселесі шешімін тапты. Жоба «Қазақстан халқына» қорының, Білім беруді тұрақты дамыту қорының қолдауымен Ақтөбе облысының әкімдігімен бірлесіп ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шағын жинақты #мектеп #жоба #дамыту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі AMANAT партиясы алаңында тұрғындарды қабылдады

Кеше 22:16

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Кеше 20:42

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Кеше 19:02

Үнемшілдік - үлкен мәдениет

Кеше 18:52

Алматыда кәсіпкерлермен жаңа экологиялық талаптар талқыланды

Кеше 18:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);