AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Келешек мектептері» үшін директорлардың жаңа буын...

«Келешек мектептері» үшін директорлардың жаңа буыны даярлануда

Әлеумет 04.08.2025, 15:53 652 Bakyt
«Келешек мектептері» үшін директорлардың жаңа буыны даярлануда
aqshamnews.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған «Білім берудегі 1000 көшбасшы» стратегиялық жобасы жүзеге асырылуда.

 Жоба халықаралық озық тәжірибеге негізделген: көптеген елдерде мектеп директорларын тағайындамас бұрын оларды арнайы даярлау міндетті талап саналады. Қатысушылар оқудан өтіп, үздік білім беру ұйымдарында тағылымдамадан өтеді және тәлімгерлік қолдаумен қамтылады. Бұл басқарушылық қабілеттерді жүйелі түрде дамытуға және сенімді шешім қабылдай алатын жетекшілерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда республикалық кадрлық резервке 583 педагог енгізіліп, олардың 397-сі конкурстан тыс негізде басшылық қызметке тағайындалды. Тек 2024 жылдың өзінде 36 резервист жаңа үлгідегі «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған мектептердің директорлары болды. ⠀ 

Жобаға қатысушының бірі – №290 жайлы мектептің директоры Мөлдір Смаханова. Ол барлық кезеңнен өтіп, бағдарламаға сай жан-жақты дайындықтан өтті. Басшылыққа тағайындалмас бұрын заманауи басқару тәсілдерін меңгеріп, кәсіби дағдыларын жетілдірді.

«Бұл жоба менің директор қызметіне деген көзқарасымды мүлде өзгертті. Қазіргі заманғы мектепке тек басқарушы емес, ұжымды ынталандырып, мұғалімдердің кәсіби дамуына және оқушылардың қабілетін толық ашуға мүмкіндік беретін көшбасшы қажет. «Келешек мектептері» моделі осындай жаңа басқару мәдениетін қалыптастырады», – деді жоба түлегі.

Президенттік жастар кадрлық резерві тәжірибесіне негізделген бұл жоба 2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылып келеді. Қатысушыларды іріктеу процесі бес кезеңнен тұрады: тестілеу, оқыту, тағылымдама, қорытынды бағалау және сұхбат. 2024 жылы 2,5 мыңнан астам үміткердің арасынан кәсіби даярлық курсына 433 кандидат іріктеліп алынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #мектеп #директор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін – мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

Бүгін 09:10

Бейсенбінің ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:30

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Кеше 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Кеше 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Кеше 18:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);