AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Кей азаматтар жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін

Кей азаматтар жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін

Заң мен тəртіп Бүгін 16:09 36
Кей азаматтар жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін

Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, көлік құралын қауіпсіз басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар жүргізушілерді анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

"Бүгінде көлік басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар 21 мыңнан астам жүргізуші анықталды. Олардың 2246-сы әртүрлі негіздер бойынша диспансерлік есептен шығарылды. 13 мыңнан астам адамға қатысты аумақтық полиция департаменттері сотқа талап-арыз берді. Заңды күшіне енген сот шешімдері бойынша 7400 жүргізуші куәлігінің қолданысы тоқтатылды", – деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік жүргізуші құқығын шектеу адамның денсаулығына қатысты көлікті қауіпсіз басқаруға әсер етуі мүмкін медициналық қарсы көрсетілімдер анықталған жағдайда ғана мүмкін екенін атап өтті.

Көлік басқару құқығын тоқтату туралы соңғы шешімді сот қабылдайды.

Көлік басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдердің тізімі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №853 бұйрығымен бекітілген.

"Абсолютті қарсы көрсетілімдерге адамның медициналық тұрғыдан көлікті қауіпсіз басқара алмайтын аурулары мен жағдайлары жатады. Олардың қатарында эпилепсия, екі көздің де соқырлығы, кейбір ауыр психикалық бұзылыстар, сондай-ақ психобелсенді заттарды қолдануға байланысты белгілі бір психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар", – деп түсіндірді министрлік.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі кез келген диагноз жүргізуші куәлігінен автоматты түрде айырылуға себеп болмайтынын атап өтті.

Мысалы, көру, есту немесе тірек-қимыл аппаратының кейбір бұзылыстары кезінде медициналық талаптарды сақтау немесе арнайы құралдарды – көзілдірік пен контакт линзаларын, есту аппаратын, қолмен басқару жүйесін және басқа да бейімдеу құралдарын пайдалану арқылы көлік жүргізуге рұқсат етілуі мүмкін.

"Егер жүргізушіден медициналық қарсы көрсетілімдер анықталып, заңнамада көзделген негіздер болса, тиісті ақпарат ішкі істер органдарына беріледі. Бұдан кейін негіздер болған жағдайда полиция сотқа жүгінеді", – деп хабарлады министрлік.

Осылайша, Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, жүргізушіде белгілі бір диагноздың болуы оның куәлігін автоматты түрде жарамсыз етпейді. Соңғы шешім заңда белгіленген тәртіппен қабылданады.

Жүргізушілерге қойылатын медициналық талаптар ең алдымен жолдардағы қауіп-қатерді азайтуға, сондай-ақ жүргізушілердің, жолаушылардың және жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

2026 жылдың жазында Қазақстанда Жол қозғалысы ережелеріне (ЖҚЕ) көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл ретте екі заңға түзетулер енгізілген: олардың бірі 1 шілдеде, екіншісі 25 тамызда күшіне енді. Жаңа ережелер туралы толығырақ ақпаратты осы жерден білуге болады

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жүргізуші куәлігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Алтынсарин даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 16:14

Қазақстанда халықаралық әуе қатынасы артып келеді

Бүгін 15:22

Алматыға аптап ыстық қайта оралады

Бүгін 14:18

Алматының туристік әлеуеті MATTA Fair көрмесінде таныстырылып жатыр

Бүгін 14:13

Ахмет Байтұрсынұлы туралы 30 дерек

Бүгін 11:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);