AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Каспий теңізі қоңыр түске боялды

Каспий теңізі қоңыр түске боялды

Оқиға 12.10.2022, 09:33 1,043
Каспий теңізі қоңыр түске боялды
Сурет: Elorda.info

Бұл жайт тұрғындарды алаңдатып отыр.


Ақтау қаласында Каспий теңізіне белгісіз сұйықтықтың құйылып жатқан бейнежазба тұрғындарды шошытты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бейнежазба кеше түсірілген. Судың түсі өзгеріп, Каспий теңізіне қатты ағыспен құйылып жатқанын көруге болады. Ластанған суды көрген тұрғындар Каспийдің уланғанын айтып, дабыл қағуда. 



 «Әрине, у ғой! Балшық араласқан немесе лай су осыншама қоңыр түске боялмайды. Бұл жақын жердегі кәсіпорынның суы сияқты. Тексеріп, бұны тоқтату керек», – дейді Ақтау қаласының тұрғыны Айдана Әбіл.



Маңғыстау облыстық Экология департаментінің мамандарының айтуынша, судан сынама алынып, тексеру жүргізді. 



 «11 қазан күні кешкі уақытта әлеуметтік желіде Приморский елді мекенінде орналасқан "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-не қарасты №1 ТЭЦ ағынды каналындағы судың ластануы туралы бейнежазба таралды. Сонымен қатар, аталған каналға "Каспий су тұщыту зауыты" ЖШС және "Орбита" спорт кешені төгінді жұмыстарын жүргізеді. Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің мамандары жедел түрде оқиға орын алған жерге барып, арна бойындағы ластану аймағына, шолу жұмыстарын жүргізді», - деп хабарлады экологтар.



Алынған сынамалардың нәтижелері бойынша, «Опреснительный завод Каспий» ЖШС-нің ағызу құбырының көзінен және № 1 ТЭЦ Каспий теңізіне шығаратын құбырының көзінен алынған сынама құрамында темірдің және фосфаттың, мыстың артық мөлшері анықталды.


Енді күдікті компанияға қатысты іс-құжаттар жинақталып, сотқа жіберіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кайпий #қоңыр түс #белгісіз жайт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Бүгін 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Бүгін 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Бүгін 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);