AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Kaspi Gold енді Apple Pay-де

Kaspi Gold енді Apple Pay-де

Мұны білген жөн 30.06.2026, 14:34 361
Kaspi Gold енді Apple Pay-де
Kaspi.kz

Kaspi.kz Apple Pay қызметінің іске қосылғанын хабарлайды. Енді клиенттер әлемнің кез келген жерінде дүкендерде, қосымшаларда және интернетте iPhone, Apple Watch, iPad және Mac құрылғылары арқылы  төлем жасай алады.

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

«Apple Pay-ді қосу – сүйікті клиенттерімізден ең жиі түскен өтініштердің бірі болды. Көптеген клиенттер Kaspi Gold картасын Apple Pay-ге қосып, әсіресе шетелде iPhone немесе Apple Watch арқылы төлем жасағысы келді.

Біз енді бұл мүмкіндіктің Kaspi.kz суперқосымшасында қолжетімді болғанына қуаныштымыз. Біздің мақсатымыз – Kaspi Gold картасын кез келген жағдайда: Қазақстанда, сапарда, дүкендерде, қосымшаларда және интернетте одан да ыңғайлы ету.

Бізді сүйікті клиенттерімізге бізбен бірге болғандары үшін рақмет!»

Apple Pay байланыссыз төлем қабылданатын барлық жерде жұмыс істейді: супермаркеттерде, дәріханаларда, мейрамханаларда, кофеханаларда, дүкендерде және басқа да сауда орындарында. Төлем жасау үшін iPhone немесе Apple Watch құрылғысының бүйірдегі батырмасын екі рет басып, Face ID, Touch ID немесе құрылғының құпиясөзі арқылы растау жасап, құрылғыны POS-терминалға жақындату жеткілікті.

Kaspi Gold картасын Apple Pay-ге тікелей Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қосуға болады. Сондай-ақ клиенттер iPhone құрылғысындағы Wallet қосымшасын ашып, «+» батырмасын басып, экрандағы нұсқауларды орындай алады. Kaspi Gold картасы iPhone, Apple Watch, iPad немесе Mac құрылғысына қосылғаннан кейін Apple Pay қызметін бірден пайдалануға болады.

Kaspi Gold арқылы Apple Pay-мен төлем жасау туралы толық ақпаратты Kaspi Гидтен оқыңыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Kaspi.kz
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы жастары қалдықтарға екінші өмір сыйлайды: қалада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр

Бүгін 20:03

Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен 33 жыл ішінде $8 млрд-тан астам сомаға елуден астам жобаны жүзеге асырды

Бүгін 19:30

Қазақстанда өңделген сүт өндірісі артты

Бүгін 18:45

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-ші маусымның ашылуына орай «Мұра» open-air гала-концертін ұсынады

Бүгін 17:58

Алматыда ақын Оразақын Асқардың тұрған үйіне ескерткіш- тақта орнатылды

Бүгін 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);